Accessibility links

ШЫҰ-на мүше елдердің Шыңжаңда өтетін әскери жаттығуларына наразы Шығыс Түркістанды азат ету майданы мәлімдеме жасады

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

12 тамызда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің кезекті бірлескен әскери жаттығулары ШҰАР-дың Құлжа қаласы маңына жақын жерде өтеді

12 тамызда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің кезекті бірлескен әскери жаттығулары ШҰАР-дың Құлжа қаласы маңына жақын жерде өтеді. Осы шараға орай алаңдаушылық білдіріп, наразылық танытқан ұйғыр халқының өкілдері атынан дүйсенбі күні Шығыс Түркістан ұлт-азаттық майданының төрағасы Юсуфбек Мухлиси өздерінің мәлімдеме жасап жатқандарын хабарлады.

- Мұндай бірлескен әскери жаттығуларға сонда тұрып жатқан ұйғыр халқы қарсы. Шығыс Түркістан біздің тарихи отанымыз. Ол жерде әскери жаттығулардың өткізілуіне біз наразымыз, - дейді Юсуфбек Мухлиси.

12 тамыз күні басталатын Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің әскери жаттығулары тыныш жатқан бейбіт елдің мазасын алып, үрейін ұшырады. Азаттықты аңсаған, тәуелсіздікті армандаған Шығыс Түркістан ұйғырлары мүндай әрекетке қатты наразы деген пікірін білдіреді Ю.Мухлиси.

Осыған орай жасаған өз мәлімдемелерінде Шығыс Түркістанды азат ету майданының төрағасы барлық ұйғыр халқына, олардың тағдырына алаңдаушы өзге де достарына үндеу жариялап, өздеріне қолдау көрсетуге шақырады.

Сондай-ақ, Юсуфбек Мухлиси осы әскери жаттығуларға қатысушы Қазақстан мен Қырғыз әскерилерінің әрекетіне өкпе-реніштерін білдіреді. Ал Өзбекстан бұл жаттығуларға қатыспай отыр, сол үшін де өзбек халқына, осы елдің президенті Ислам Каримовқа рахметін айтады.
XS
SM
MD
LG