Accessibility links

Арал теңізін жартылай тірілту үшін Әлем банкы 85 млн. доллар қаржы бөліп отыр

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

40 жылдан бері ғалымдар, суы кеуіп бара жатқан Арал табиғатын зерттеп, бұл бүкіл әлемде бұрын соңды кездеспеген экологиялық апат деп дабыл қағып келеді.

Міне енді кештеу болса да Әлем банкы демеушілігімен Халықаралық агенттік, Арал теңізінің тым болмағанда бір бөлігін сақтап қалу мақсатында, Қазақстан аумағындағы Кіші Арал деп аталған жерден жаңа бөген салмақ.

Деректерге қарағанда, 1960-жылдан бері суы таусыла бастаған Арал теңізін енді ол кездегі 25 метрлік деңгейге қайта көтеріп, әлемдегі ең үлкен көлдердің бірін ежелгі қалпына қайта келтіру мүмкін болмайтын жағдай екендігі мәлім болып қалған.

Ал енді іске асырылуы мүмкін бір ғана жоба, ғалымдардың пікірінше, ол Аралдың солтүстік бетіндегі Кіші Арал деген бөлігін, бөген құрып, аман сақтап қалу бағдарламасы болып тұр.

Осыдан он-он бес жыл бұрын қазақстандықтар өз күштерімен Кіші Арал бөлігінде бөген салған еді, бірақ әу бастан мықтап ойластырлмаған ол бөгетті 1999-жылы су шайып кетті, екі адам суға шөгіп қаза тапты.

Міне енді халықаралық әгенттіктің көмегімен үлкен жоба жасалып, Кіші Аралға 12 шақырымдай бөген салынуы жоспарланып отыр.

Бөген құрылысы бойынша негізгі жұмыстар өткен жылы басталып кетті. Үстіміздегі жылдың соңына дейін бөгеннің 5 шақырымдай бөлігі тұрғызылса, қалған бөлігі келесі жылы аяқталады, - дейді мәскеулік менеджер Юри Пономарев.

Егер бұл жоба іске асса онда Сырдаря өзені суын Кіші Аралда сақтап қалуға мүмкіндік туған болар еді. Ал қазіргі кезде ол шамалы судың өзі Үлкен Аралға жайылып аспанға бу болып ұшып кетіп жатыр. Ылғал мол жылдары, егер Кіші Арал толып тасатындай жағдай болса онда артық су шлюздер арқылы төменге қарай ағызылатын болады.

Мамандардың пікірінше, бұл шара арқылы Кіші Аралдағы судың тұз құрамы азая түспек. Соның арқасында кезінде жылына 50 мың тоннадан балық өндірілген кездегі балықтың 24 түрінен бір шамасы қайта дүниеге келуі мүмкін.

Бұл маңайдағы Тастөбек ауылының 17 отбасылы тұрғындары бұл жобаға, енді тұрмыс-тіршілік жөнделер деген жылы үмітпен қарайды.

Тұз құрамы көптігінен Аралдағы тірі жануардың бәрі дерлік жойылып біткен. Енді оны қайта жөнге келтіру мақсатында, Голландиялық көмек бағдарламасымен тұзға төзімді камбала балығын алып келгенде, оны көргендер шошыған екен.

- Өз басым алғаш құбыжық көргендей болдым, - дейді Баян Сейтпенбетова.

- Міне енді сол камбаланың арқасында жан сақтап отырмыз, - дейді Баянның өмір жолдасы Дүзбай.

Кезінде Арал теңізінің айдынды жағалауында болған Аралск қаласынан, теңіз суы, қазіргі кезде, 150 шақырымдай алыстап кеткен. Міне сол қалада осыдан 40 жылдай бұрын теңіз айлағы болып, түрлі кемелер, қайықтар сәулет құрып жүзіп жүретін.

35 мың тұрғыны бар Аральск қаласының дәрігері Марат Төремұратовтың айтуынша, ол қаладағы балық зауытының жабылуынан жұрт жұмыссыз қалып, бірден кедейшілік деңгейіне түскен.

- Азық-түлік тапшылығынан, витаминьдердің жетіспеушілігінен әйелдердің көбі қан, асқазан, жүрек ауруына дұшар болған. Бала өлімі көрсеткішінен бұл жер бүкіл Орта Азиядағы ең жоғарығы аймақ. Көптеген адамдар ет немесе балық көрмегелі қашан. Жегені нан мен қант қана, кейде макаронмрн қанағаттанады, - дейді дәрігер.

Егер Үлкен Аралды шамалы болса да сақтап қалу мүмкіндігі табылса ол суда асшаян өсіруге болар еді. Ол тұзды суға аса төзімді, және адамға пайдалы қорек ретінде бағалы, - дейді мамандар.

Сол асшаянды коммерциялық деңгейге дейін көбейту мәселесімен Бельгиядағы 30 шақты компания айналысып жатқан көрінеді. Америкалық биолог Брад Нарденнің айтуынша, Үлкен Аралдағы ең соңғы жыртқыш балық ларва құрыса, онда асшаянның еркін өсіп өнуіне жол ашылған болар еді. Бірақ оған әле уақыт қажет болар.

Кіші Арал бөгені құрылысына 85 млн. доллар қаржы бөліп отырған Әлем банкынан ресми өкіл және жоба менеджері Масуд Ахмадтың айтуынша, бұл Кіші Аралдан суала бастаған Үлкен Аралға онша залал келе қоймайды.

- Аралдың Оңтүстік бөлігіндегі су азайғанымен бұл жаңа жобаның арқасында экологиялық және экономикалық ұтымды игі нәтижелер де болмақ. Жұмсалмақ қаржы өзін ақтай алады, - дейді АҚШтағы Мичиган университетінің профессоры Доктор Филлип Миклин. Проф. Миклин Арал теңізі мәселесімен көптен бері арнайы айналысып келеді.

Санк Петербрктік ғалым Николай Аладин да өзін бұл жобаның жасаушылардың бірі деп есептейді.

- Бұл үлкен эксперимент – тәжрибе. Біз бұл ісімізбен, адам жасаған апатты сол адамның өз қолымен жөндеу мүмкін екендігін дәлелдемекшіміз. Сондықтан мен бұл жобаны аса мақтаныш тұтамын, - дейді Аладин.

Шамамен 400 шақырым шаршы теңіз табанын сумен толтырғанда Үлкен Аралдың бүкіл барлық шаң-тозаңы басыла қоймас, дегенмен бұның өзі де жаман шаруа емес, - дейді доктор Аладин.

Ал әзірше, 1960-жылдан бері суала бастаған ол теңіз табанынан, жыл сайын атмосфераға кемінде 40 мың тонна тузды, улы, шаң-тозаң, көтеріліп аймақтарға тарап жатыр екен.
XS
SM
MD
LG