Accessibility links

Қытайда табылып отырған улы газ толтырылған темір жәшіктерді зерттеу үшін Жапон мамандары келді.


Хабарларға қарағанда, Қытай құрылысшылары 4-ші тамыз күні жер астынан осындай газ толтырылған бес темір қорапты қазып алып, жер бетіне шығарған екен. Содан бері олардан шығып жатқан улы газ кесірінен елдің солтүстік шығысындағы бірнеше тұрғындар сырқатқа ұшыраған. Бұл қораптар екінші дүние жүзлік соғыс кезінде Жапония әскерлері тарапынан Қытай жерінде қалдырылған екен. Жапон ресми өкілдерінің айтуынша, Қытай жерінде қазірге дейін 700 мыңдай осындай химиялық қарулар сақталып қалған. Басқыншылық сол бір соғыс жылдарында Жапон әскері тарапынан өздеріне қарсы химиялық және биологиялық қарулардың қолданылғаны қытайлықтардың күні бүгінге дейін ашу-ызасын туындатуда. Жапон кабинетінің бас хатшысы Йасуо Фукуданың айтуынша, химиялық қаруларды зерттеумен айналысатын арнайы топ бүгін Қытайдағы Қиқихарға жіберілген екен.
XS
SM
MD
LG