Accessibility links

Ауғанстандағы бейбітшілік сақтау міндеттері ресми түрде НАТО қолына өтті.


Бұған дейін аталған міндетті БҰҰ-ның халықаралық Қауіпсіздік көмек күштерінің атқарып келгені белгілі. Бұл міндетті өз қолдарына алғаннан кейін аталған жүйеде айтарлықтай өзгерістердің орнатылмайтындығына НАТО өкілдері сендіріп отыр. Осы ұйым өкілі Марк Лейтидің сөзіне қарағанда Солтүстік Атлантика одағының басқаруындағы халықаралық күштер бұған дейінгі БҰҰ жасақтарының атқарып келген міндеттерін одан әрі жалғастыратын болады. Елдегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында 30-дай елден бес мыңға жуық әскерилердің жеткізіліп, Ауғанстанның барлық түкпірлеріне орналастырылуын ел басы Хамид Қарзай көптен бері сұрап келеді.
XS
SM
MD
LG