Accessibility links

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Бежінде сапарда жүр.


Ол бүгін Қытай ресми өкілдерімен кездесіп, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына орай аймақтағы болуы мүмкін басқосулар жөнінде ақылдаспақшы. Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Уаң Ий өткен аптада Пхеньянда болған еді. Лосюков мырза бүгін әріптесі Уаңмен кездесіп, алдағы уақытта Бежінде болуы мүмкін Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Құрама Штаттары, Жапония және Солтүстік Корея елдері арасындағы кездесулердің жайын ақылдаспақшы. Ол кездесулер барысындағы талқыланатын басты мәселе- Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты туындап отырған дағдарысты жағдайды шешу. Лосюковтың сөзіне қарағанда, ертең Мәскеуде Ресей ресми өкілдері Оңтүстік Корея жане Солтүстік Корея өкілдерімен жеке-жеке жағдайда кездесулер өткізбекші. Сондай-ақ бүгін Токиода Қытай және Жапония Сыртқы істер министрлері кездесіп, аталған мәселені талқыламақшы-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG