Accessibility links

Бүгін таңертең кем дегенде израйльдік бір әскери ұшақ Ливан астанасы Бейрут аспанынан гүрілдеп ұшып өтті.


Осылайша қарапайым халықтың таңғы ұйқысын бұзған олар бұл қадамдарын ливандық Хезбуллах тобының Израйль қалашығы Шломиге кеше жасаған шабуылына жауап-, деп түсіндірісті. Бұл шабуыл барысында израйльдік бір бала қаза болып, төртеуі жараланған еді. Осы шабуылдарға қандай жолмен жауап қайтару керектігін Израйль өкімет басшысы Ариел Шарон кабинет мүшелерімен ақылдасқан болатын. Сол ақылдасулардан кейін іле-шала Бейрутке қарай әлгі айтылған әскери ұшақ ұшырылып отыр. Соңғы үш күн ішінде Хезбуллах тарапынан екі рет шабуылдар жасалған болатын. Хезбуллах тобы болса, өздерінің тек Ливан аспанында ұшып жүрген израйльдік әскери ұшақтарды ғана нысанаға алғандарын айтуда. Ал, Израйль тарапы болса шии топтарының әдейі солтүстік шегараларға шабуылдағандын тілге тиек етуде. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан өз кезегінде Хезбуллах ұйымына ықпалы жүретін елдердің барлығын дерлік аталған ұйымның болашақ шабуылдарға баруынан бетін қайтаруға шақыруда, - дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG