Accessibility links

Ирактағы АҚШ солдаттарына шабуылдар кеше одан әрі жалғасты.


Ройтер ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Тикрит жолдарымен келе жатқанда көліктері минаға душар болып, соның кесірінен америкалық екі әскери жараланған. Ал келесі америкалық қос әскери мен әл-Жазира теле арнасының журналисі Бағдат университеті ғимаратының жоғарғы қабатынан тасталған гранатадан жарақаттанған. Басра қаласының тұрғындары екі күн бойы америкалық әскерилерге қарай тас лақтырып, қарсылықтарын білдірісті. Осы әрекеттерді тоқтату мақсатында британиялық солдаттар әуеге ескерту оғын атқан болатын. Жағдай қалыпты арнаға келтірілгенге дейін бір ирактық азамат қаза болып, бірнешеуі жараланған. Ирактағы азаматтық АҚШ әкімшілігінің басшысы Паул Бремердің айтуынша, көршілес Иран елінен әл-Қайда террорлық топтары Иракқа келе бастаған. Сөйтіп олар таяу уақыттарда кең тұрғыдағы шабуылдарды ұйымдастыруды жоспарлауда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG