Accessibility links

Әлемге жаман атты шықан бұрынғы диктаторлар шетелдерде пана тауып өздерінің бұрынғы қылмыстары үшін еш өкініш білдірмейді

Бұрынғы угандалық диктатор Иди Аминнің Сауд Арабиясында өлім алдында жатқан шағында, әлемде қайтадан өзге елдерден пана тапқан тирандардың бұрынғы жасаған қылмыстары үшін сотқа тартылу мәселесі көтеріліп отыр. Бір италияндық журналист бірнеше қанқұйлы диктаторлармен кездесіп олар жайында өз пікірімен бөліседі.

Иди Амин 1970-жылдары Уганданы билеп төстегенде оның айуандықтары жөнінен ол өз диктаторларымен аты шықан Африка құрлығында ең аты шулысы еді.

Таяуда жарық көрген "Шайтан жайында: Жеті диктатормен ұшырасу" атты кітаптың авторы италияндық қаламгер Риккардо Оризо Азаттықа былай деді:

“Біз барлығымызда Иди Аминның есіуас африкандық басшы болғандығын білеміз, одан сіз адам жейсізбе деп сұралғанда ол, жоқ мен кісі етін жек көремін. Мен бір не екі рет оның дәмін татып көрдім, ол тым тұзды екен сондықтан маған ұнаған жоқ деп жауап берді.”

Алғашында Ливиядан пана тапқан Амин кейін мұсылман ретінде Сауыд Арабиясының кеме айлағы бар қаласы Джиддада жәйлі үйге орналасып, жұма намазға жергілікті мешітке барып, бала-шағасымен сауда орталығына қатынап кеш құрым теңіз жағалауында жүруші еді. Қазір оның бауыр бүйрегі тыныс алу жолдары тарылып ол екі дүниенің ортасында жаны қиналған күйде емханада жатыр. Оның денсаулығы дұрыс кезінде Оризо онымен сұқпатқасқан болатын. Аминге “Сіз өзіңіздің кінәңізді мойындайсыз ба?”, - деп сұрағанда. Ол, “Жоқ, мен тек бұрынғы кезді сағынышпен еске аламын”, - деген. Ал, “Сіз өзіңізді халық қалай қабылдасын деп қалайсыз?”, - деген сауалға, Амин, “Мені жақсы спортшы ретінде қабылдағанын қалаймын”, - деп жауап берген.

Ол елбасы болмас алдын Уганданың бокстан чемпионы болды. Оған қоса ол әскер мен үкіметте басшы қызметтерде болған-ды. Ол мәңгі президентке айналған шағында өзін Уганданың Олимпияда құрамасының қатарынан табылуы керек деп шешіп 40-тан асқан шағында құрамаға кіру үшін елдің ішіндегі барлық сайыстарды жеңген болатын. Оның қарсыластары ұтыла салуды жөн көрген. Сөйтіп ол Олимпияда құрамасы қатарынан табылып, алайда, кеңесшісі оның бұл ойынан бас тартуына көндірген еді.

Угандалық диктатормен қоса басқада қанқұйлы басшылар жетерлік, соның бірі "Док Балақай" деген лақап атымен белгілі Гаити диктаторы Дювалие қазір Франциядан пана тапты, Эфиопия диктаторы полковник Менгисту Хаил Мариам қазіргі шақта Зимбабведе кәрілігін өткізіп жатыр. Польшаның бұрынғы басшысы маршал Войцех Ярузельский өз елінде құрметті зейнетте, олар да Амин сынды өз өткеніне еш өкінбейді.

Олар өздерінің бұрынғы саяси, идеологиялық немесе отарлық қожаларына берілгендігін сезінеді. Олардың барлықтары да оларды пайдаланып, кейін Батыста оларды қажетсіз деп тапқанда оларды лақтырып тастады деп санайды. Сондықтан олар өздерінің өткен тірліктеріне өкінішпен қараудың орнына өздерін сатып кетті деген оймен ызаға булыққан.

Олардың барлықтары да қазіргінің Макиавелилері, олардың пікірінше, кез келген тәсіл олардың мақсат мүддесін ақтайды, олар бұндай қатал қадамдарға бармағанда жағдай бұданда бетер жаман болған болар еді, өздерін ұлттық мүддені қорғаушылар деп кәміл сенеді. Ұлы мақсаттар жолында қайғы қасрет өлім жітім, қан төгістердің бәрі де, қажетті жағдай деп түсінеді, - дейді Оризо.

Югославияда адамзатқа қарсы жасалған қылмыстар бойынша Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот өз жұмысын бастағанда Амин сынды жыртқыштар заң алдында жауап берер деген үміт оты туып еді. Бірақ АҚШ Халықаралық қылмыстар бойынша соттың әділ әрі қара-қылды қақ жаратындығына күмән келтірді. Оризоның айтуынша, АҚШ, Франция және Британия кейбір қанқұйлы диктаторларды өз ұлттық мүдделеріне тиімділік тұрғысынан қолдау себебінен, кез келген халықаралық сот саяси қиындықтарға ұшырайды. Мысалы, Франция кісі жегіш Бокасаны көптеген жылдар бойы Орталық Африканың падишасы ретінде көруді өзіне тиімді деп санады, -дейді Оризо.

Инсбрук Университетінің философия кафедрасы меңгерушісі, халықаралық заң туралы кітаптың авторы Ханс Көхлердің айтуынша:

“Өкінішке орай, кейде диктаторларды орнынан алу үшін оларға жақсы зейнетақы мен қауіпсіздік кеpілдігін беру арқылы оларды кетіру ең тиімді жол. Себебі ондай ардың саудасы болмаса онда оданда бетер адам шығындары көбейе түседі.”

Сондай бір мысал - Либерия. Ганада өткен бейбітшілік орнату бойынша Оңтүстік Африканың және Нигерия басшылары Либерия президентін шақыртып өткізген өтпелі кеңесі кезінде құпия айыптау хаттамасы көрсетілуі мұң екен, Либерияда азамат соғысы қайтадан бұрқ етті. Сондықтан бұл өте нәзік нәрсе, келісім және бейбітшілікпен қоса әрі қарайғы қантөгістерді болдырмай, және әділеттілікке қол жеткізу мақсатын ұштастыру қажет.
XS
SM
MD
LG