Accessibility links

Голландияның Ас-Самуахтағы әскері


АҚШ жетекшілігіндегі халықаралық тұрақтылық сақтау күштері қатарында голландтық қол Ас-Самауах кентінде орналастырылып жатыр.

Бірақ олардың жайғасатын жері Голландияда алаңдаушылық тудыруда. Кейбір Голландия парламентінің мүшелері наурыз айында Ирақта соғыс жүргізген кезде американдықтар ураны бар оқ-дәріні пайдаланғандығы туралы мәселе көтеріп отыр.

АҚШ қауіпсіздік сақтау орындарының Ираққа 1 мың 100 сарбазды халықаралық тұрақтылық сақтау қолының қатарына аттандыру үшін Голландия үкіметтіне берген кепілдемесіне Нидерланд депутаттары күмән танытуда. Осы ай ішінде жүздеген голландтық қосын Кувейттен Ирақтың оңтүстік Әл Мұтханна аймағының Ас-Самауах шахарына келіп жайғасуда. Бірақ Нидерландта Бағдадқа жорық барысында бұндағы ирақтық әскерлердің бекіністерін АҚШ қосындары азайтылған уран оқ-дәрілерімен атқылады деген алаңдаушылық басым.

Голландияның оппозициялық Лейбористтік партиясының мүшесі, шетелдік байланысқа жауапты Берт Коендерстың айтуынша:

“Біздің қол орналаспақ аймақта азайтылған уран пайдаланылдыма жоқпа деген сауалды парламент мүшелері көтерді. Үкіметтің айтуынша, АҚШ ақпаратына қарағанда бірдеңке болуы керек. Бірақ жаңа мәліметтерге сай, соңғы соғыстада танкiлерге қарсы азайтылған уран оқтықтары пайдаланылғаны ықтимал. Мен парламенттің бұл қаншалықты шындыққа жанасатындығын білгісі келетіндігін түсінемін.”

Бұл тұрғыдағы ақпараттармен өзге елдермен көбіне бөлісуге құмар АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Голландияның сауалына жауап қайырмады. Ал Пентагонның жауапты өкілдері бұл мәселені талқылаудан бойын аулақ салды. Азайтылған уран оқ-дәрісі танкіге қарсы өте күшті әрі жойқын қару. Бірғана aзайтылған уран снаряды Совет заманының ең қуатты танкі Т-72-ің сыртқы және ішкі сауытын тесіп өтіп оның ішінде бірнеше секунд ішінде жарылады. Азайтылған уран оқ-дәрілерінің шайқастан соң қоршаған ортамен ұзақ мерзімдік адам денсаулығына зияндылығы туралы айтыс-тартыс аяқталды. НАТО қосындары пайдаланған Косово және Босния сынды жерлердегі шаңнан уран бөлшектерінің табылуы бұл жерлердегі қаның ағаруы мен қатерлі ісіктің еселеп өсуі анықталды. Бұл, сондай-ақ, Шығанақтағы соғыс синдромы деп аталатын 1991-ші жылы шайқасқан американдық қосындар душар болған індеттің шығу себебі ретінде түсіндіріледі.

Бірақ АҚШ үкіметті де, НАТО-да бұны теріске шығаруда. Олар Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми және медициналық зерттеуіне сілтеме жасап ауру-сырқауды азайтылған уран оқ-дәрілерімен байланыстыру қисынсыз деуде.

Лондон биылғы Ирақтағы басты шайқастар барысында Британдық Челленджер танкілері мөлшермен 1 тонна 900 килограмдық азайтылған уранды оқ-дәрі пайдаланғанын мойындады. Ал АҚШ болса, биылғы жылғы жорығында азайтылған уранды пайдаланғаны туралы мағлұматтарымен бөліспей отыр. Сондай-ақ, БҰҰ-ың Ирақтағы қоршаған ортаға азайтылған уранның тигізген ықпалы қаншалықтығын анықтауға рұқсат бермей жүр.

Голландия АҚШ-тың азайтылған уранды пайдаланған пайдаланбағаны туралы, не қанша мөлшерде пайдаланды деп сұрап отырған жоқ. Ол нақты өз қолы орналасатын Ас-Самауахтағы жағдайдың мәселесін көтеріп отыр.

Миссуридегі өз ата-анасына көкек айында хат жолдаған АҚШ сарбазы Эд Пеннелл 41-інші Жаяу әскер полкінің Брадлей қондырғыларына жауапты бөлімшесінің құрамында науырыздың 29-ы күні Ас-Самауахты азайтылған уран снарядтарымен атқылағандығы туралы жазған. Хатта сондай-ақ Пеннеллдың бөлімшесі азайтылған уран снарядтарын күшті жарылыс тудыратын оқ-дәрілермен алма кезек ауыстырып атқылап тұрғандығыда суреттеледі. 30-ыншы наурыз күні жіберліген хатында, Пеннелл "біз 25 миллиметрлік Брадлей қондырғыларынан 5 мәрте атқылаймыз. Бірінші атқылау кезінде азайтылған уран жіберіледі. Азайтылған уран жаудың сауытын талқандауға арналған. Ол жау сарбаздарының үстінен 300 метір алысқа ұшып өтеді. Одан соң төрт мәрте күшті жарылыс тудыратын снарядтар жіберіледі, тіпті бір мәрте атқылаудың өзі жауды құртып жібереді. Нәтиже тым апайқын болды," - деп жазған.

"Пеннеллдың хаты, Голландия әскери кәсіподақтарына күшті әсер етті, олар өз әріптестері азайтылған уранның кесірінен қатерлі ісік сынды ауруларға ұшырауы мүмкін деп қобылжиды," - дейді Голландияның ТВ-2 арнасының продюссері Кимо Дви ван Гааг.

Кейбір Голландтық зерттеушілердің пікірінше, британдықтар азайтылған уранды Басрамен қоса, Насрияда, Наджафта және Кербелде пайдаланулары мүмкін. Егер ол Ас-Самауахта пайдаланылса неге өзге жерлерде де, оны пайдаланылмас, - дейді олар.
XS
SM
MD
LG