Accessibility links

Қатаң визалық тәртiп иммигрантармен қоса АҚШ-тың өзіне де зиянын тигізбек.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

2001-ші жылдың 11-ші қыркүйегіндегі террорлық шабуылдан соң, АҚШ үкіметі қауіпсіздік шараларын күшейте түсу үшін визалық тәртіпті қатайтып отыр.

Бірақ үкіметтің қолға алған бұл әрекеті Құрама Штаттарында жұмыс жасағысы және оқу оқығысы келетін шет елдіктерге қосымша қиындықтар тудырып жатқандығына алаңдаушылық білдірушілер де баршылық.

АҚШ-тың өзінде жұмыс жасағысы келетін, немесе оқығысы келетін шетелдіктерге барған сайын визалық тәртіпті күшейте түсу бір жағынан Американ экономикасына, екінші жағынан ұлттық қауіпсіздікке нұсқан келтіруі мүмкін, - дейді иммигрантардың құықығын қорғаушылар мен ұстаздар.

Иммиграциялық талаптардың ең соңғы қатайтылған түрі 1-інші тамыздан бастап күшіне енді. Ендігі жерде әлемдегі АҚШ консулдықтарының ресми өкілдері шетелдік жұмысшылар және студенттік виза алушылармен тікелей сұхбаттасып, оларды мұқият тексеруден өткізулері тиіс.

Вашингтонда жарық көретін "АҚШ және Шет елдік Иммиграция жаңалықтары" ақпаратық бюллетенін шығарушы Сесар Орантестің "Азаттыққа" айтуынша: "Бұндай жағдайда Құрама Штаттары өзінің жеміс-жидегі мен көкөністерін теретін адамдарынан айрылады, мұндай жұмыстарды заңсыз келген иммигранттар өте-мөте арзан жалақыға атқарады. Олар заңды жұмыскерлерге екі есе төлем төлеуге мәжбүр. Бұл АҚШ үшін қымбатқа түседі."

"Иммигрантарға бағытталған қатаң саясат Мексикаға ауыр соққы болады, - деп Орантес өз сөзін жалғастырады, - АҚШ-та жұмыс жасаушы мексикандықтардың өз еліндегі туған туыстарына қаржылай көмегі Мексика экономикасының басты табыс көздерінің бірі болып табылады."

Өз мансаптарын Америкада жалғастармақ шетелдік студентер мен ғылыми зертеушілерге визалық тәртіпті қатайту көптеген қиыншылықтар тудырып отыр. Америка Университеттері Ассоциациясының қоғамдық істер бойынша басшысы Барри Тоивтың айтуынша: "Бүгінгі шет елдік студенттер өз ұлтының көш басшыларына айналады, мейлі саясатта, не бизнесте, немесе басқа салада әрекет етсін, бізбен жұмыс жасау үшін және бізді түсіну үшін олар дайындықтан өтеді, бұл тек игілікті жағдай."

Тоивтың айтуынша, АҚШ-тың визалық кешеуілдетулері шетелдік шәкірттердің Американ университеттеріндегі академиялық жылға кешігіп келуіне әкеліп отыр. "15 тен 18 апталық семестрге кешігіп жеткен шетелдік студентер өздеріне берілген тапсырмаларды дер кезінде атқарып үлгере алмай қалуы мүмкін,"- дейді Тоив.

"Біз қыркүйектің 11 күнінен соң қауіпсіздікке зор мән беріліп отырғанын толығымен мойындаймыз, және біздің жоғарғы оқу мекемелері үкіметпен адамдардың еркін қатынап тұруы мен ұлттық қауіпсіздік мәселесінде қоян-қолтық жұмыс жасады," - дейді ол.

"Бар мәселе ақшаға тіреліп отыр, - дейді Тоив, - Мемлекеттік департаменттің визаларды өңдеп сұхбат өткізу үшін қосымша қызметкерлер алуға бюджетті көтермейді."

"Біздің ұйым өзге де білім саласын қорғаушы ассоциациялармен бірлесе отырып Конгрестің бұл тұрғыда қосымша жұмыскерлерді жұмысқа алу үшін қаржы бөлуін сұрап отырмыз. Бұл ғылыми жаңалықтардың Құрама Штаттарына жетуіне және одан еркін шығуына мүмкіндік беруін қамтамасыз ету үшін қажет," - дейді Тоив.
XS
SM
MD
LG