Accessibility links

Орталық Африка республикасының Ресейдің жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген 45 студенті Мәскеудегі елшілігіне басып кірді.


МӘСКЕУ: Орталық Африка республикасының Ресейдің жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген 45 студенті 2,5 жылдан бері төленбей келген стипендияларын төлеуді талап етіп, Мәскеудегі елшілігіне басып кірді. Студенттер, сондай-ақ, оқуын бітіріп, елге қайтуға қаражаты болмай амалсыз Ресейде жүргендердің жолақыларын төлеуді талап етуде. Наразылық шарасына қатысушылар өз талаптары түгел орындалмайынша, елшілік ғимаратында қалу ниеттерін білдіруде. Студенттер Ресей үкіметі мен халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдардан қолдау сұрауда. Орталық Африка республикасының студенттері бұдан бұрын 2000-ыншы жылы да елшілікті басып алған болатын. Алайда өкіметтің уәде беруіне қарамастан, студенттерге стипендиялары төленбеді.
XS
SM
MD
LG