Accessibility links

Пәкістан президенті П.Мушарраф Үндістанмен арадағы барлық дау-жанжалды, оның ішінде Кашмир маңайындағы талас-тартысты мәселені дипломатиялық жолмен шешуге шақырады.


ИСЛАМАБАД: Пәкістан президенті Первез Мушарраф Үндістанмен арадағы барлық дау-жанжалды, оның ішінде Кашмир маңайындағы талас-тартысты мәселені дипломатиялық жолмен шешуге шақырады. Дүйсенбі күні үнді-пәкістан жанжалын үйлестірудің жолдары тақырыбы бойынша Исламабадта болған конференцияда П.Мушарраф Аймақтық ынтымақтастықтың Оңтүстік-Азиялық Ассоциациясына кіретін елдерді Кашмир төңірегіндегі жанжалды реттеудің амалын табуға көмек беруге шақырып, осындай үндеу көтерді. Жексенбі күні Үндістан премьер-министрі Атал Биһари Ваджпаи да осы проблемаға арналған конференцияда Пәкістанды қанды қақтығыстарды тоқтатуға шақырып сөз сөйледі. Үндістан мен Пәкістан Кашмирге таласып өзара 3 рет соғысты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG