Accessibility links

Махачкалада Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Надиршаһ Хачилаев өлтірілді.


МАХАЧКАЛА: Махачкалада ресейлік бейбітшілік Қорының дағыстандық бөлімінің жетекшісі, Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Надиршаһ Хачилаев өлтірілді. Дүйсенбі күні кешкісін беттеріне маска киген белгісіз біреулер оның автокөлігін тасадан атқылап, өздері бас сауғалап үлгерді. Надиршаһ Хачилаев пен оның бауыры Магомет олардың үзеңгілестері Дағыстан республикасының Мемлекеттік кеңесін басып алған кезде, Дағыстандағы 1998-інші жылы болған жаппай тәртіп бұзушылықты ұйымдастырды деп айыпталды. 2000-ыншы жылы сот ол екеуін айыпты деп таныды, бірақ екі ағайындыға қайырымдылық жасалып, бостандыққа шығарылды. Магомет Хачилаев – 2000-ыншы жылдың қарашасында Махачкалада өлтірілді. Өткен дүйсенбіде Дағыстан ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкері Тагир Абдуллаев үйінің кіре берісінде атып өлтірілді. Қылмыскерлер қашып құтылды.
XS
SM
MD
LG