Accessibility links

АҚШ-тың әскери ұшақтарының Ауғанстанмен арадағы шекара маңайында шатасып Пәкістанның әскери бөлімдеріне соққы бергенін АҚШ-тың әскери басшылығы мойындады.


КАБУЛ: АҚШ-тың әскери ұшақтарының Ауғанстанмен арадағы шекара маңайында шатасып Пәкістанның әскери бөлімдеріне соққы бергенін АҚШ-тың әскери басшылығы мойындады. Оның салдарынан пәкістандық 2 шекарашы қаза болып, 1-і жараланды. Бұл қайғылы оқиға кеше, дүйсенбі күні Ауғанстанның таулы Пактия провинциясында болды. Коалициялық күштердің жасақтары беймәлім адамдардың соққысына тап болып, әскери ұшақтарды көмекке шақырды. Соған байланысты Пәкістан өкіметі наразылық білдірді. АҚШ әскерінің орталық басшылығы ол оқиғаны “қайғылы қателік” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG