Accessibility links

АҚШ әскерилері өз әуе күштерінің байқамастан Пәкістан қауіпсіздік жасақтарына оқ жаудырғанын мойындап отыр.


Оның кесірінен пәкістандық екі шекарашысы қаза болып, біреуі жараланған. АҚШ Орталық жасағының айтуынша, кеше Оргунға жақын маңда күзетте жүрген коалиция күштері қарсыластарына қарсы оқ атқан екен. Әлгі қарсыластары Пәкістан шегарасына қарай жасырынып үлгерсе керек. Америка Орталық жасағы бұл оққа ұшуларды “жазатайып, әрі абайсызда болған жағдай” -, деп сипаттап отыр. Пәкістан әскери байланыстар департаментінің мәлімдемесіне қарағанда, аталған оқиғаға байланысты АҚШ ресми өкілдеріне қатты наразылық білдірілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG