Accessibility links

Ауғанстанға көмекті одан әрі жалғастыруды АҚШ Мемлекеттік хатшы Колин Пауел сұрауда.


Кеше Вашингтонда Пауел мырза БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілі Лакхдар Брахимимен кездескеннен кейін бұл елде әлі талай істердің күтіп тұрғандығын тілге тиек етті. “Талибан өкіметі биліктен кетірілгелі бергі аралықта Құрама Штаттары Ауғанстанға 700 миллион доллар шамасында көмек көрсетті” - дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі. Аталған кездесу Ауғанстандағы бейбітшілік қорғау міндетінің НАТО қолына өткеннен кейінгі бірер сағаттарда болған еді. Бұл- Солтүстік Атлантика одағының Европадан тыс жерлерде алғаш рет бейбітшілік сақтау ісін қолына алып отырғаны.
XS
SM
MD
LG