Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан жаңа қарардың қабылдануы жөніндегі өз ұсынысын Құрама Штаттары одан әрі алға тартуда.


Ол қарар бойынша АҚШ тарапынан тағайындалған Ирактағы уақытша өкімет жанынан жаңадан құрылған Кеңестің заңдылығы мақұлданатын болады. БҰҰ-ы дипломатының Азаттық радиосы тілшісіне айтуынша АҚШ жағы “бұл қарар осы аптада мақұлданып қалар”, - деген үмітте екен. Араб елдерінің аталған Кеңестің заңдылығын мойындамайтындығын Мысыр елі кеше қайталағаннан кейін, Құрама Штаттары осы ұсынысына орай оң нәтижеге қол жеткізуге тырысуда. Иракты қайта қалпына келтіру ісіне БҰҰ-ның қол ұшын беру шараларында осы ұйым міндеттерінің айқындала түсуіне Құрама Штаттарының ұсынысы оң ықпалын тигізеді деген тектес пікір білдірді аталған дипломат. Ал, бас хатшы Кофи Аннан Ирактағы БҰҰ міндеттерін айқындайтын шараларды белгілеуге шақырған болатын-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG