Accessibility links

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары Азаматтық форумға дайындалып жатыр

  • Гүлмира ХАМЗА

12 тамыз күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосып, журналистермен кездесті.

Онда олар алдағы айда Қазақстан Президентінің қатысуымен Астанада өтетін, Азаматтық форумға дайындалып жатқанын жеткізді. «Баспана» қоғамдар қауымдастығының бас директоры Ерман Жаманқұловтың айтуынша, бұл жиынды үкіметтік емес ұйымдар асыға күтіп отыр.

«Баспана» қоғамдар қауымдастығының бас директоры Ерман Жаманқұлов: - Біздің бұл форумнан үмітіміз зор. Себебі біздің шешімін таппай отырған мәселелеріміз көп, осы форумда осы мәселелердің барлығы көтерілетін шығар деген үміттеміз.

Әзірге, үкіметтік емес ұйым өкілінің бірі Ерман Жаманқұловтың пайымдауынша, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өз-ара келіспейтін түстары көп.

«Баспана» қоғамдар қауымдастығының бас директоры Ерман Жаманқұлов: - Әрине, біз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз деп айта алмаймыз, бізге қарастырылып жатқан «Үкіметтік емес ұйымдар» жөніндегі заң жоба ұнамайды, мұндай заң қабылдауға болмайды. Жоспар бойынша, осы заң жоба форумда талқыланады деп күтіліп отыр. Онда Президент, министрлік өкілдері қатысады, сол себептен бұл мәселеде шешілетін шығар деп ойлаймын.

Сонымен қатар, «Баспана» қоғамдар қауымдастығының жетекшісі Ерман Жаманқұлов қазіргі кезде үкіметтік емес ұйымдардың наразылығын тудырып отырған заң жобаның басты кемшілігіне тоқталып кетті.

«Баспана» қоғамдар қауымдастығының бас директоры Ерман Жаманқұлов: - Бұл заң жоба бойынша, кез-келген үкіметтік емес ұйымның демеушісі жұмсалған ақшасы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есеп беріп отыру керек, олай жасауға негізінде болмайды. Олай болатын жағдайды, бізден барлық инвесторлар, демеушілер кетіп қалады. Заң жобаның басты кемшілігі осы.

Келесі айда Астанада өтетін форум алдында Алматы әкімшілігінің қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдарға арнайы конференция ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл арқылы, олар үкіметтік емес ұйымдардың бар мәселесімен танысуды көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG