Accessibility links

НАТО - Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күштеріне басшы


Өзінің 54 жылдық тарихында НАТО ұйымы тұңғыш рет Европадан тысқары жерде - Ауғаныстанда Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күштеріне басшылықты өз қолына алып отыр.

Ең басты қолға алынбақ мәселе - бейбітшілік сақтаушы күштердің Кабулден де басқа Ауғаныстаның аймақтарында орналасуы болып отыр.

Халықаралық қайрымдылық ұйымдары Ауғаныстандағы Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күштері өз аясын Кабулденден тыс жерлерге жүргізсе деп өтініш білдіруде .

Дүйсенбі күні Ауғаныстанның Сыртқы істер министрі Абдолла келесі жылы елде тәуелсіз және әділ сайлаулар өту үшін Кабулден тыс жерлерде қауіпсіздік орнату ең басты мәселе деді:

Біз бұны өте маңызды іс деп қараймыз және біз сайлаулардың 2004-інші жылдың маусымында өтуіне мүделіміз. Бұл ауыр шаруа. Біз бекем болуымыз керек. Жоспар дер кезінде іске асуы үшін біз - Ауған үкіметті мен халқы және халықаралық қауымдастық - бірлесе қажырлы еңбек етуіміз қажет.

Германия канцлері Герхард Шрөдер өз кезегінде: "Егер дала қолбасшылары өз билігін жүргізетін Ауғаныстаның шет аймақтарында Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күштері орналастырылмаса бұл елде ешқашан да шынайы бейбітшілік орнамайды,"- деді. Бұл тілекті Ауған елбасы Хамит Қарзайда білдірді. Сондай-ақ БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күштері Гератта, Мазари-Шарифта және Жалалабатта да орналастырылуын ұсынды.

НАТО-ның Бас хатшысы Джордж Робертсонның айтуынша, НАТО Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күштерінің мандатын кеңейте алмайды, өйткені бұл БҰҰ-нда қабылданған. Кез келген мандатты кеңейту үшін БҰҰиның шешімі қажет. Мәселен, НАТО өз аясын Кабулден тыс жерлерге кеңейтуі үшін БҰҰ-ы бұған қатысты өз шешімін өзгертуі тиіс. Сондай-ақ мандатты кеңейту үшін НАТО-ның басқару орны шығарған арнайы шешімі қажет.

Өз сөзін жалғастырып Робертсон: Біз оларға бұл жолда көмектесуіміз керек. Бірақ экономикалық қиыншылықтар бар және қауіпсіздік мәселeлері бар. НАТО қауіпсіздік сақтау мәселесінде қолдау бере алады, бұл салада біз жақсымыз. Бірақ басқа салалар бойынша жауапкершілік БҰҰ-ның мойнында, ал ең басым жауапкершілік уақытша Ауған әкімшілігінде. Олар бірінші кезекте өз елінің тұрақтылығы мен гүлденуін өз қолдарына алулары тиіс, - деді.

Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күштерінің құрамында 35 елдің өкілдері бар, олар НАТО-ға мүше мемілекеттер, не НАТО-ның Бейбітшілік Мақсатындағы Серіктестік бағдарламасына мүше елдердің әскерилері. Ең көп қолды Канада мен Германия (1 мың 900 қосынға шейін) жіберсе, Франция 300 сарбаз, ал кейбір елдер 4, тіпті 2 жауынгерін жібергені жәйлі Робертсон тоқталды. Оның сөзінше, НАТО-ның талаптарына сай бірлесе әрекет жасауға машықтанған көп ұлтты қол жұмылған жұдырықтай әрекет етуде.

Өткен аптада Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күштерінің Германиялық қолбасы генерал лейтенант Норберт ван Хейст халықаралық қауымдастықты 2004-інші жылдың маусымында Ауғаныстанда өтуі тиіс сайлауларға байланысты Кабулден тыс аймақтардағы қауіпсіздік мәселеріне шұғыл түрде назар аударуға шақырды.
XS
SM
MD
LG