Accessibility links

"Хьюман Райтс Уотч" ұйымы Өзбекстан журналисі Руслан Шәріпов абақтыда азапталса керек деп мәлімдеді


Құқыққорғаушы журналист, 25-жасар азамат Руслан Шәріповке бірнеше айып тағылып, сотта тергеліп жатыр. Руслан Шәріпов Өзбекстан басшылығын үнемі сынайтын. Руслан Шәріпов гомосексуалист болды, яки еркектермен жыныстық қатынас жасады, мұның сыртында кәмелетке толмаған балаларды бұзды, жезөкшелер үйін ұйымдастырды деп айыпталды. Руслан Шәріпов барлық айыптармен аяқ астынан келісті, шешем сот мәжілістеріне енді кіргізілмесін, президент Ислам Кәрімовтен кешірім сұрауға бармын, үкіметті сынаған барлық мақаларымнан бас тартамын деп өткен жұма күні аяқ астынан мойындаған болатын. "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы кеше осы жөнінде мәлімдеме жасап, Руслан Шәріпов абақтыда азапталса керек, әйтпесе ол айыптармен келіспей отырған еді деп алаңдаушылық танытты.

Ержан Қарабек
XS
SM
MD
LG