Accessibility links

Иранда сөз бостандығын талап еткен ереуіл өтті


Әйелдер ұйымының белсендісі Азам Талегани Тегеран қаласындағы Евин абақтысының алдында үш сағат отырып, наразылық танытты. Сөйтіп ол 10-ші шілде күні күдікті жағдайда қайтыс болған журналист Захра Каземиді еске алды. Захра Каземи Иран мен Канаданың азаматтықтарына қоса ие болатын, ол Канадалық басылым үшін Евин абақтысын сүретке түсіріп істі болған. Евин түрмесінде негізінен саяси тұтқындар отырады. Иран полициясы Захра Каземиді қолма қол қамап, үш апта бойы тергеді. Захра Каземи абақтыда тергелген жерінен қайтыс болды, оның миына қан құйылды деп ресми сипатталды. Тегеран соты іс бойынша енді ИРНА ақпарат агенттігінң басшысы Абдұлла Нассериді шақырып отыр. ИРНА агенттігі Захра Каземидің өлімін дербес тергеген, сот осы жайтқа қызығушылық танытып отыр.
XS
SM
MD
LG