Accessibility links

Ирақ әкімі елде шетелдік террористер белсенді қызмет атқарып жүр деп мәлімдеді


Нақты айтқанда, "Ансар Әл Ислам" әсіре исламшыл топтың аты жарияланды. АҚШ әскері соғыс барысында "Ансар Әл Исламның" Солтүстік Ирақтағы базаларын нысанаға алған болатын: - Әрине, "Ансар Әл Ислам" ұзақ уақыт бойы "Әл Қаида" ұйымымен сыбайлас болып келеді. Біз өлтірген не тұтқынға алған басқа шетелдік террористердің "Әл Қаидамен" байланысы қаншалықты екенін қазір білмейміз. Бұл әлі анықталмаған жағдай, мәселені тексеру керек деп ойлаймын. Пол Бремердің пайымдауынша, Ирақта "Ансар Әл Исламның" шамамен бірнеше жүз жауынгері белсендікті қайта жаңғыртты. Ирақтағы басқа жағдайларды айтсақ, кеше американдық жасақтарға екі шабуыл жасалды. Бір американдық сарбаз қаза тапты, бесеуі жараланды. Тикрит қаласында кеше Саддам Хұсейннің оққағары және Баас партиясы басшыларының бірі қолға түсті. АҚШ әскери басшылығы олардың есімдерін жариялаған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG