Accessibility links

Колин Пауелл Израил мен Палестинаның жас азаматтарына қайырылды


Таяу Шығыстағы жағдай оқатуды тоқтату жөніндегі келісім бұзылған соң кеше тағы қиындай түсті. Палестиналық екі жанкешті-бомбашы шабуыл жасап, Израилдің екі азаматын өлтірді. Он шақты азамат жараланды. Жауапкершілікті "Әл Ақса мұхаджірлер бригадасы" және Палестина басшысы Ясир Арафатқа қатысты "Фатах" қозғалысы алды. Израил бас министрі Ариел Шарон және Палестина бас министрі Махмұд Аббас шабуылдарды сөгіп, жағдайдың ұшыққанына бір бірін кінәләді. АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл шабуылдарды сөгіп, мәлімдеме жасады. Израил мен Палестинаның жас азаматтарына қайырылып, Колин Пауелл бомбашылардың шабуылдары бейбітшілікке қол жеткізуге бөгет жасай алмайды деді: - Бомбалар бізді тоқтата алмайды. Мұндай зорлық бізге бөгет жасай алмайды, себебі бейбітшілікті сіздер үшін орнатып отырмыз. Сіздерге әлде қайда жақсы өмір ұсынбақпыз, соңғы жылдары көріп отырғанымыздан ол өмір әлде қайда тәуір болады, біз соған күш салып отырмыз. Кеше жасалған шабуылдар соңғы алты аптадағы ең үлкен қантөгіс болды. Израил абақтыдан шығарылады деген палестина тұтқындарының мәселесі кейінге қалады деп қарсы шарасын жариялады.
XS
SM
MD
LG