Accessibility links

ТМД елдерінде биліктің алмасуы қалай болмақ?


Халықаралық Ашық қоғам ұйымының коррупцияға былыққан 102 елдің тізімінде 95-інші орында тұрған елдің билеушісі Гейдар Әлиев өз туған ұлына билік тізгінін ұстатты.

Осы арқылы ол жаңа өнеге тудырды. ТМД-ы елдерінің елбасшыларына Ельциннің тірлігі бағдаршам болып отырған жоқ па?

2000-ыншы жылы Сирия елбасы Хафиз Асадтан билік оның ұлының қолына көшті, осы арқылы бұл ел Араб елдері ішінде бірінші болып осындай өнеге қалыптастырса, Әзірбайжан бұрынғы советтік республикалар ішінде бұған жол бастады.

Орталық Азиялық билік басындағы отбасылық билік жүйелерінен Назарбаев пен Ақаевтың сәтсіз құдалығына қарамастан олардың монархияға икемдігі Әлиевтың жолын қайталайтындығына меңзейді.

Ата буын бұрынғы советтік қайраткерлердің төрінен көрі жақын. 80 жасар Әлиев көкек айынан бері өліммен айқасып жатса, 75-жасар Шеварнадзе әлі тың болып көрінгенмен кәрілік оғанда келді. Қазақстан мен Өзбекістан билеушілері алпысты алқымдаса, Қырғызстандық елбасы алпысқа жақындады. Недесе де, олардың екі мерзімдік тіпті 3 мерзімдік ондаған жыл бойғы үздіксіз билеуі, немесе өздерінің саяси ғұмырлары тоқтайтын кез жетті.

Ал Түркіменстан елбасы Сапармұрат Ниязов болса сайлау сынды үдерістерден бас тартып бұртола өзін "бірінші және мәңгі елбасы деп жариялады"

Біршама жас Белорусия және Украина елбасылары Лукашенко мен Кучманың да, екі мерзімге сайланған уақыты аяқталуға аз қалды. Бұл екеуі үшін орнынан кету қиынға соқпақ, өйткені бұлар билік басында болған шақта журналистер мен саяси қайраткерлердің құпия өлімдері мен із-түсіз жоғалулары орын алды.

1990-ыншы жылдарда Орталық Азия билеушілері өздерін тұрақтылықтың, экономикалық бетбұрыстың және демократияның кепілі ретінде өздерінде, өзгелерді де сендіруге тырысты. Біршама реформаларды іске асырған Қазақстанан басқаларында қазіргі уақытта жаппай коррупция, жұмыссыздық, экономикалық тоқырау бар. Сондықтан ашынған бұхара алдында олардың беделі тым төмен, әрі олардың бұдан былай билікті иемденуінің заңдылығына күмән таныту басым. Бірақ олардың билігі әлі де жеткілікті мөлшерде.

Бұл тығырықтан шығу үшін не істеу керек? - деген мәңгі сауал қойылады.

Бұндай кезде бұрынғы советтік ел Ресейдің бірінші болып бейбіт жолмен елбасының өз билігін беруі қызығушылық тудырады. 1999-ыншы жылдың 31-інші желтоқсанында Ельцин орнынан кетті. Дәл сол күні Путин Ельциннің сотқа тартылмайтындығы туралы кепілдеме берді. Әзірбайжандағы әкеден балаға билік беруден гөрі Ресейдің үлгісі Орталық Азия, Белорусия және Украина үшін қантөгісті төңкеріс арқылы биліктің ауысуына қарағанда әлде қайда тәуір жол. Бұл үлгі 1989 жылдарда Чехославакия мен Польшада іске асырылған еді. Орталық Азия елбасылары 1990-ыншы жылдардағы Оңтүстік Көрейліктердің өздерінің бұрынғы екі елбасын сотқа тарқанынан секем алғанға ұқсайды.

Осыдан болар Қазақстан мен Қырғызстан билеушілері өздерінің атазаңдарына кезекті өзгеріс енгізіп өздерімен әйел бала-шағаларына ерекше мәртебе бергізді. Өзбекбасы Кәрімовта бұған қамданды. Бірақ әзірше олардың бірде біреуі биліктен кететіндігін көрсеткен емес.

50-жасар Лукашенко кетпек үшін бұндай жолды таңдап алуын елестету қиын, Белорусия ТМД елдері ішіндегі коррупция ең төмен ел болғанымен, бұнда саяси қайраткерлер мен іскерлердің құпия өлімдері қиыншылықтар тудырады. Украин елбасы Кучманың басындада бұл бар, оған сондай адам өлімдеріне байланысты айыптаулар айтылуда.

Біршама жас Тәжікстан елбасы Рахмонов өзінің көршілерінің билік құмарлығына еліктеп өз билігін демократияда ада сайлаулар арқылы ұзартуы ғажап емес. Сондай-ақ билік әскери, дәлірек айтқанда Ішкі істер министрлігінің төңкеріс жасау арқылы ауысуы мүмкін, себебі бұл мекеме Орталық Азияда әскерилерге қарағакнда нақты билікке ие. Сәтті сарай төңкерісі арқылы да билік ауысуы мүмкін, одан гөрі алдын ала белгіленген мирасқорға билік тізгінін ұстату ықтималдырақ.

Советтік үлгідегі билік үшін күрес болмайды, өйткені Орталық Азия мен Белорусияда бар билік саясибюро емес біртұлғалық режимдер.

Әртүрлі елбасылардың берген жауаптарына қарасаңыз Ельцинің үлгісін қайталауда біршама ара-қашықтың бар екендігін көресіз, өйткені Назарбайевта, Ақайевта тіпті Каримовтың өзіде, өздері биліктен кеткен кездегі саясатқа бейжай еместігін аңғартады. БұларТүркіменбашы емес, олар дегенімен қоғамдық және халықаралық пікірмен санасады.

Орталық Азиялық оппозицияға қазіргі елбасылармен бір мәмілеге келген тиімдірек. Олар Назарбаевқа, Ақаевқа және Каримовқа биліктен кеткен шақта тұрақтылық болатындығы туралы уәде бергендері дұрысрақ, әйтпесе олар парламент пен елден қуылу қаупі бар. Өзбекістанда 6 жарым мың саяси тұтқын Қазақстан мен Қырғыстанда бір екі саяси тұтқынғана бар.

Барлық қателіктеріен аш көзділіктерне қарамастан аталмыш елбасылар Латын Америкасының Африканың диктаторлары сынды жапай адам қырушылықтарға барған жоқ. Ұсыныс жасалса, онда елбасыларды сотқа тарту туралы ой болмауы кекерек. Ал егер олар елді демократизацияландыру жолында ешқандай қадамдарға бармаса, онда ойын тәртібі өзгеріп, оларға берілетін кепілдеме болмауы мүмкін.

Елбасылар өз оппонентерінің сөзіне сене қояр ма екен? Себебі олар Ресейдегі Юкостың осыдан он жыл бұрынғы әрекетері бойынша коррупцияда айыптаулардан секем алулары мүмкін. Бірақ Ельцинге ешкім тимеді. Бәлки биліктен кеткенде олар да жалғыз өздер қалулары мүмкін. Және көпшілік қауым орнынан түскен бұрынғы елбасыларды қудалап көрге тыққанан гөрі, олардың қартайып өз өлімдерімен кеткендерін дұрыс көреді.
XS
SM
MD
LG