Accessibility links

БҰҰ тарапынан Косоводағы жаңа әкім өз қызметіне кіріспекші.


Осылайша Харри Холкери мырза бүгін Косовоға келіп, бұған дейінгі әкім, германиялық Майкл Стейнерден қызметті қабылдап алмақшы. Холкери мырза 1987-ші 1991-ші жылдар арасында Финляндияның өкімет басшысы болған-ды. Кеше Сербия өкіметі Косовоны Сербияның бір бөлігі деп танитын заң жобасын қабылдап, оны талқылап бекіту үшін Парламентке жіберген болатын. Осы оқиғадан бір күн кейін жаңа әкім Косовода өз қызметін бастағалы отыр. Бұрынғы Югославияның орнына ақпан айында Сербия және Черногорие мемлекеті құрылғаны белгілі. Ресми түрде Косово Сербияның бір бөлігі деп саналғанымен, шынтуайтына келгенде бұл аймақтың ресми мәртебесі жөніндегі соңғы шешімді БҰҰ айтатын болады, - дейді аталған ұйымның ресми өкілдері. 1999-шы жылы НАТО-ның бомбалауынан кейін ғана сербтердің косоволық албандарды жаппай қыра бастағанын тоқтату мүмкін болған еді. Содан бергі аралықта Косовода БҰҰ-ның азаматтық әкімшілігі жұмыс істеуде. Холкери мырза әзірше Косоводағы төртінші әкім болып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG