Accessibility links

Заңсыз жолмен қару енгізуге тырысқан үш адам Құрама Штаттарында ұсталды.


АҚШ-тың белгісіз боп қалуды қалаған бір ресми өкілінің айтуынша, Федералдық зерттеу бюросы иыққа асып жүретін зымырандарды Құрама Штаттарына заңсыз жолмен алып кіруге тырысқан үш адамды ұстаған. Ол арқылы коммерциялық саладағы әуе кемелерін атып түсіруге болады екен. Олардың бірі- Британия азаматы Нью Джерсиде, Ресейде жасалған жерден әуеге атылатын зымыранды, Америкаға алып кірмек болған жерінен ұсталған. Ал қалған екеуі Нью Йорк қаласында жоспарларын іске асырмақ үстінде қолға түсті. Ресми өкілдердің айтуынша, әлгі екеудің бірі “Игла” атты зымыранды “терроршыға сатып тұрмын”-, деп ойлаған екен. Алайда сатып алушы Федералдық зерттеу бюросының агенті болатын. Арнайы бұлақ мәліметтеріне қарағанда мұндай шаралар Федералдық бюро және Британия мен Ресей ресми орындарының бірлесе қимылдауы арқасында жүзеге асырылған-, дейді БиБиСи және СНН теле арналары.
XS
SM
MD
LG