Accessibility links

Тәуелсіз бақылаушылар Алматыда журналистермен кездесті


Қазақстандағы тәуелсіз бақылаушылар жүйесі қауымдастығының өкілдері Алматыда журналистермен кездесті

Мәслихат сайлауы науқаны барысында жол берілген заңсыздықтар туралы 13 тамыз күні Қазақстандағы барлық сайлауларға бақылау жүргізу мақсатында құрылған «Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі қауымдастығының» өкілдері, Қазақстан баспасөз клубында баспасөз мәжілісін өткізді. Аталмыш ұйым өкілдерінің айтуына қарағанда, бақылау барысында неше түрлі заң бұзушылықтар жол берілген. Атап айтсақ, Қазақстанның барлық облыстарында сайлау комиссиялары мүшелерінің бір-біріне бағыныштылығы аңғарылатын көрінеді.

Дос Көшім, Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі қауымдастығының басшысы:

- Территориялық, округтік және учаскелік комиссиялардың қызметі ашық, жария түрде жүріп жатқан жоқ. Сайлау күніне дейін болатын жағдайдың бәрін біз бақылап отырмыз. Осыған байланысты көптеген заңсыздықтар және заңның өзінің осал нақты емес тұстары көзге түсіп отыр. Әлі де болса техникалық мәселелердің бәрі де дұрыстап қаралмаған. Менің ойымша сайлау заңымен қоса орталық сайлау комиссиясы соны жүзеге асыратын жолдары мен тәсілдерін дайындау керек сияқты. Сонымен қоса сайлау комиссиялары халықтың алдына шығып мәселенің мән-жайысын дұрыстап түсіндіруі керек. Көптеген облыстарда барлығы да бұрынғы қалпында қалып қойған. Шымкентте бланкілердің бәріне де ақша төлеп жатыр. Сонда сайлау комиссиясына бөлінген миллиардтаған ақша қайда кеткен.

Қазбек Қазкенов , «Отан» партиясы төрағасының көмекшісі.

- Мен заңсыздықты көрдім деген сипаттағы ұраншылдықтың бәріне де өз басым сенбеймін. Менің пайымауымша біздің қоғам, бүкіл мәселені құқықтық негізде шешетін жағдайға жетті.

Нұрлан Бұланбаев, Қазақ республикалық ұлтық-патриоттық мәдени орталығының президенті. Сайлаудың әділ өтетіндігіне сенбеймін. Әсіресе сайлау барысындағы заңсыздықтар облыс пен аудандарда қатты белең алады. Жалпы бүгінгі таңда халқына шын мәнісінде жаны ашитын азаматтар депутат бола алмайды. Өйкені бүгінгі күндегі саясат қазақ ұлтына жәрдем бере алатын саясат емес. Менің көзім оған анық жетіп отыр.
XS
SM
MD
LG