Accessibility links

13 тамыз - спорт және туризм күні

  • Сәуле ОМАР

Президент қаулысына сәйкес, 13-тамыз 1998-жылдан бері Қазақстанда спорт және туризм күні ретінде аталып өтіледі.

Осыған орай, сәрсенбі күні Алматы қалалық денешынықтыру және спорт комитеті Сайран көлі маңында спорт мерекесін ұйымдастырды. Бірқатар Қазақстандық белгілі спортшылар мен қала тұрғындары атсалысқан жарыста спорттың 13 түрінен бәйге жарияланған. Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жалпы, жастарды спортқа баулудың мемлекет болашағы үшін маңыздылығын айтады.

«Спорт - бұл, ең алдымен, адамның ден саулығы. Екіншіден, Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ибрагимов, марқұм Бекзат Саттарханов сынды талай спорт майталмандары бар Қазақстанға олардың жолын қуып, Қазақстанның атын шығаратын жас спортшылар қажет-ақ. Қазақстанның алдында алда үлкен сын – Афинада өтетін олимпиада ойындары тұр. Спортшыларымызға мен сонда үлкен жетістік тілеймін» дейді Жақсылық Үшкемпіров.

Спорт мерекесінен Қазақстан Демократиялық оппозициясының өкілдері де қалыс қалмаған. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық бөлімшесінің төрайымы, қалалық мәслихат депуттығынан үміткер Маржан Аспандиярованың айтуына қарағанда, өздерін басқалардан ерекшелендіретін арнайы киім киген олар мұнда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, демалып қайту үшін келген.
XS
SM
MD
LG