Accessibility links

Исламабадтың бейбітшілікке бағытталған бас қосуына қарамастан Дели Кәшмір бойынша еліссөздер өткізуден бас тартып отыр.


Сейсенбі күні Пәкістан елбасы Пәруәз Мүшәрраф Исламабадта бейресми басқосуда үнді заңшығарушыларын қабылдап екі елдің бейбітшілік орнатуға талпыныстарын қуаттады.

Бірақ Үндістан әліде Пәкістанның даулы Кәшмір аймағына байланысты ресми келіссөздер өткізу туралы ұсынысын қабыл алмай отыр.

Тамыздың 12-і күні Пәкістан елбасы Пәруәз Мүшәрраф Исламабадта өткен екі күндік бейресми кездесуде үнді парламентінің мүшелерімен екі жақты қарым-қатынастарды жақсарту мәселесін талқылады .

Мүшәрраф үнділік депутатармен арадағы кездесуде ядролық тұрмақ, жәй соғыстың екі ел арасында мүмкін еместігіне тоқталды:

- Пәкістан өз мүдесі тұрғысынан бейбітшілікті қалайды, бұл күллі аймаққа тиімді, әсіресе Пәкістан мен Үндістанға. Біз бейбітшілікті қалаймыз. Біз соғысқа қарсымыз. Жәй соғыстың өзі керексіз. Бұл барлық аймақ үшін екі елге де апат болады.

Пәкістан Сыртқы Істер министрі Құршит Мехмуд Қазури Исламабадтың Үндістанмен келіссөздерге үміт артып отырғандығына тоқталды:

- Үндістан мен Пәкістан арасындағы соғыс, бұл- таңдау емес. Бірақ қана жол бар, екі ел арасындағы кез келген мәселе бойынша келіссөздер өткізу қажет, бұның қатарында Жамму және Кашмир мәселесі бойынша да. Нақты мәселе бойынша және белгілі нәтижеге әкелетін келіссөздер болуы тиіс. Біз өміршең үзілмейтін және бөлінбейтін келіссөздер өткізуіміз қажет.

Исламабадта өткен екі күндік жиын үкіметтік емес Оңтүстік Азияның Азат Ақпарат Ассоциациясының ұйымдастыруымен өтті. 33 үнділік депутат және 20-мадан аса көрнекті үнділік журналист шақыртуды қабыл алып Исламабадқа келді.

Бұған 18 айдан соң екі ел арасында автобус және темір жол байланыстары қалпына келтірлуі де себепкер болып отыр.

Үнді парламентіне 2001-інші жылдың желтоқсанында террорлық шабуыл жасалғаннан кейін Үндістан мен Пәкістан арасындаға қарым-қатынас шиеленісіп, екі арада атом соғысы шыға жаздап барып тоқтаған еді.

Бірақ екі ел арасындағы ең өзекті мәселе - Кәшмір маселесіне байланысты Дели өзі ұстанып отырған көзқарасынан айныған жоқ. Үнді үкіметбасы Атал Вихари Важпай Исламабад бірінші кезекте үнділік Кашмірдегі ислам жауынгерлеріне қолдауын тоқтатуы керек деуде. Делидің мәлімдеуінше, кәшмірлік муджахидиндер Пәкістан әскери үкіметі мен Пәкістаның барлау орны ИСИ-дың қолдауын алып отыр.

Үндістаның Нойда шахарында орналасқан Оңтүстік Азия Талдау тобының бастығы Чанрасехараның айтуынша, Батыс, әсіресе АҚШ, Үндістандағы бізге қарағанда мәселе дипломатиялық жолдармен шешіледі деп түсінеді. Бірақ бұл көмектеспейді. Бәленбай делегациялар болуы мүмкін. Бірақ пудингтің нақтылығын оны жегенде сезіне аласыз. Бар анықтама Кәшмірдегі шекараға барып тіреледі. Қақтығыстар азаиды мa? Шекара бұзушылық кеміде ме? Жанпидашлырадың шабуылдары азайды ма? Пәкістан бұны тоқтатпақ үшін, ең құрығанда бұны төмендету үшін бірдеңке жасап отыр ма? Жауап –Жоқ. Сондай-ақ, өз сөзін жалғастырып Чанрасехаран: Бұндай делегациялар келіп кете береді. Бұл қарым-қатынастарды жақсарта түсуі мүмкін. Бірақ бұл Үндістан мен Пәкістанның арасындағы басты айырмашылықтарға өзгеріс әкеле алмайды. Бар мәселе Исламабад әскери режимі мен ИСИ де, елді осылар басқарып отыр, қарапайым пәкістандықтар емес. Мен осы аптадағы бейбіт конверенция, болмаса осы сынды кездесулер бізді бір жаққа шығаратындығына сенбеймін, - деді.
XS
SM
MD
LG