Accessibility links

Америка Құрама Штаттары коррупция туралы пакт қабылдамақ

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Америкада жарық көретін THE WALL STREET JOURNAL басылымы өзінің сәрсенбі күнгі санында Америка Құрама Штаттары Еуропа елдерімен коррупцияға қарсы халықаралық шарт қабылдау жолында алдын-ала келісімге келді деп жазды.

Вашингтон. The Wall Street Journal басылымының сәрсенбі күні жазуынша коррупцияға қарсы халықаралық шарт қабылдау жөнінде Құрама Штаттары Еуропамен алдын-ала келісімге келген. Осы өткен демалыс күндері мамандар Вена қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының коррупцияға қарсы Конвенсиясы аталатын құжатты үш апталық талқылауды аяқтаған.

Талқылауға қатысқан мамандардың пікірінше бұл конвенция елді тонап басқа елге қашып кеткен басшылардың әкеткен байлығын халыққа қайтаруға заңдық негіз салмақ. Ондай келеңсіз жағдайлар, әсіресе, дамып келе жатқан елдер арасында жиі кездеседі. Ондай жағдайлар Индонезия, Перу, Нигерия, Филиппиннің жаңа тарихында орын алғаны аян. Венада өткен келіссөзге басшылық еткен БҰҰ-ның өкілі Антонио Мариа Коста шарт дайын болуға жақын деді:

"Шарт дайын болуға жақын. Осынау саяси шиқанды мәселе бойынша келіссөзде үлкен алға жылжулар жасады."

Болашақ шарттағы бір негізгі қағида осы конвенцияға қол қойған елдер пара араласатын кәсіпке жол бермеуге міндеттеме алады. Клинтон әкімшілігі тұсында Ақ Үй Еуропаны Америкада 1977 жылы қабылданған Шетелдегі коррупция бойынша қабылданған Акт тәрізді құжат қабылдауға итермелеген еді. Ал, Буш әкімшілігі болса Венада талқыланған конвенция Америка Құрама Штаттарында жұмыс жасап жатқан шетел компанияларын олар ие болған үлкен контракттар үшін қудалауға жол ашпаса нетті деп қорқады.

Вашингтонда орналасқан Ұлттық Сыртқы Сауда Кеңесінің президенті Уилиям Рейнш компаниялар неден қорқады дегенде ең алдымен шетел өкіметтеріндегі парақорлықтан қорқады дейді. Венадағы келіссөзде АҚШ кейбір елдердегі саяси партияларға қаржылай жәрдем беруге деген өз құқын қорғап қалды. Бірақ, келіссөзде ол жәрдемнің белгілі бір көлемнен артпауы кеісілді.

ҚШ Сенаты ұйымдасқан қылмысқа қарсы осынау халықаралық шартты қолдайды деген сенім бар. Алайда, саяси партияларға жәрдем мәселесіне келгенде Сенат ойлануы мүмкін.

Осылайша өкімет пен кәсіпкерлер арасындағы парамен, саяси партияларға жәрдем мәселесі Вена келіссөзінде қызу талас тудырғанымен, үшінші мәселе - тақтан түскен ел басылары қымқырған қаржыларды халыққа қайтару мәселесі айтардықтай дау тудырған жоқ. Яғни, әрбір елдің бұрынғы лидерлері қымқырып кеткен қаржыны қайтарып алуға деген құқы құрметтелетін болды.

Ондай жағдайда елдер күдікті қаржыны қабылдады делінген банктерге, қорларға өтініш жолдап есепшот иесін анықтауды, аударылған ақшаны тұтқындауды талап етуге тиіс.
XS
SM
MD
LG