Accessibility links

Әзірбайжанда полиция шерушілерді сабады


Әзірбайжан астанасы Бакуде оппозиция кеше шеру ұйымдастырмақ болған жерінен жұрт полициядан таяқ жеді. Он шақты адам қамауға алынды, Конституциялық соттың алдына жиналған жұртты сарбаздар резеңке таяқтарымен ұрып, таратып жіберді. Оппозиция қазан айына белгіленген президенттік сайлауды әділ өткізуді талап етеді, Ғейдар Әлиевтің денсаулығынан шынайы ақпаратты жариялауды сұрайды. 80-жасар Ғейдар Әлиев бір ай Түркияда емделіп еді, енді АҚШ-тың ауруханасында жатыр. Алдағы президенттік сайлауға Ғейдар Әлиевтің өзі де, шұғыл түрде бас министрлікке тағайындалған баласы Ильхам да тіркеліп қойды.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG