Accessibility links

Украинада тағы бір журналист соққыға жығылды


Украинаның Донецк қаласында сейсенбі күні журналист соққыға жығылғаны белгілі болды. "Ғромадский радио" компаниясының тілшісі Эдуард Малиновскийді белгісіз бірнеше азамат тепкіге салды. Журналист ауруханада жатыр, оның жағдайы қалыпты. Эдуард Малиновский үкіметке жақын тұлғалардың бизнес салттарын зерттеп, мақала жариялап жүретін. Соңғы айда Украинада алты журналист соққыға жығылды, дейді құқыққорғаушылар.
XS
SM
MD
LG