Accessibility links

Джордж Буш АҚШ-тың әскері Либерияға тек бітімгершілік қызметті қолдауға келді деді


Апта басында Либерияға Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығының бітімгершілік жасағы кіргізілді. "АҚШ әскері Либерия халқына ізгілік көмекті таратуға жағдай жасасуға келіп отыр. Бұл шешімді мен қабылдадым, және бұдан асқан міндет өзгертілген жоқ", деді президент Буш. Либериядағы жағдай күрделі қалпында. Бірнеше жылға созылған азаматтық соғыстың салдарынан президент Чарлз Тейлор орнынан түсіп, осы аптада елден қуылды. Көтерілісшілдердің әскері ел астанасы Монровиядан бүгін шығуға үәде айтып отыр. Бұл хабарды естіген жұрт пен қарулы қарақшылар Монровияның портында жаппай тонау бастады. Монровия портында тәртіп орнатысуға АҚШ-тан бүгін тағы 200 сарбаз аттанып отыр. Монровияның сыртында үкімет әскері мен көтерілісшілер кеше тағы қақтығысты.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG