Accessibility links

Косово провинциясының жаңа әкімі Харри Холкери іске кіріскен күні қантөгіс орын алды


Бұрынғы Югославияның құрамындағы Косово провинциясының жаңа әкімі Харри Холкери іске кіріскен күні кеше Гораздевач ауылында қан төгілді. Екі бала өзенге түсіп жүргенде оқ атылды, олар қаза тапты. Жанында болған мұғалімдері жарақат алды. Гораздевач ауылы албан ауылдарының ортасындағы мекен. Косово провинциясының жаңа әкімі Харри Холкери апатқа қатты өкініш білдірді, Косово халқын аздаған экстремистерге бас көтертпеуге шақырды, жақсы өмірге қол жеткізу мүмкіншілігін жоғалтпауға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG