Accessibility links

Ирақта АҚШ әскерлеріне тағы шабуылдар жасалды


Әскери автокеруен Бағдадтың маңындағы Әл-Тәджи мекенінен өтіп бара жатқанда мина жарылды. Бір сарбаз қаза тапты, екеуі жараланды. Дауар қаласының маңында мәшине мина басып кетіп, тағы бір американдық сарбаз қаза тапты, екіншісі жарақат алды. Ирақ соғысы аяқталды деп президент Джордж Буш 1 мамырда жариялағалы бері, сөйтіп, қаза тапқан американдық сарбаздардың қатары 60-қа жетіп қалды. Ирақ әкімі Пол Бремер елдің көпшілігінде бейбітшілік орнады, жекелеген шабуылдарды жасағандар не өлтіріледі, не қолға түседі деп сипаттады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG