Accessibility links

Алматыдағы Пәкістан елшілігі Пәкістан Республикасының құрылуының 56 жылдығын атап өтті


Тамыздың 14-і күні Алматыдағы Пәкістан елшілігі Пәкістан Республикасының құрылуының 56 жылдығын салтанатты жағдайда атап өтті.

Осы салтанатқа Қазақстанда тұратын пәкістан азаматтары, арнайы шақырылған қонақтар және БАҚ – дары өкілдері қатысты. Салтанатты рәсім әуелі елшілік алдында Пәкістан туын жоғары көтеруден басталды. Бұдан соң Пәкістанның Қазақстандағы төтенше жіне өкілетті елшісі Дуррей Шахвар Куреиши ханым қасиетті құран сүрелерінен оқып, одан соң пәкістан халқын ұлттық тәуелсіздік алған күнмен құттыұтаған Пәкістан президенті Первез Мушараффтың жолдауын оқыды.

Бұдан соң Пәкістанның Қазақстандағы төтенше жіне өкілетті елшісі Дуррей Шахвар Куреиши ханым тілші журналистермен кездесті. Ол Пәкістан мен Қазақстан арасындағы қарым қатынасты жоғары деңгейде деп бағалады. Биылғы жылдың соңына таяп Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары жоспарланып отырғандығын Пәкістан елшісі хабарлады.
XS
SM
MD
LG