Accessibility links

Ғалымжан Жақияновқа рахымшылық сұрау туралы өтініш жазуды міндеттелді


«Қазақстанның демократиялық таңдауы» Ғалымжан Жақияновқа рахымшылық сұрау туралы өтініш жазуды міндеттеді

14–ші тамыз күні Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестіктің саяси кеңесінің жетекшісі Төлен Тоқтасынов, Қазақстанның Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин және Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновтың адвокаты Елена Ребенчук журналистермен кездесті.

Онда олар Ғалымжан Жақиянов рахымшылық сұрау туралы өтінішті «Қазақстанның демократиялық таңдауы» бірлестігінің саяси кеңесі мүшелерінің ұсынысы бойынша жазды, дегенді айтты. Мұндай ұсынысты бірлестіктің саяси кеңесі 3-ші тамыз күні қабалдаған, - дейді «Қазақстанның демократиялық таңдауы» бірлестігінің саяси кеңесінің жетекшісі Төлен Тоқтасынов.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» бірлестігінің саяси кеңесінің жетекшісі Төлен Тоқтасынов:

- Бұл мәселені біз өзіміздің саяси кеңесіміздің отырысында, 3-ші тамыз күні талқыладық. Соңынан бұл жөнінде Қарлығаш (Ғалымжан Жақияновтың жұбайы) арқылы айтып жібердік.

- «Ғалымжан, сені халық күтіп отыр, бізде сені күтіп отырмыз, арыз жаз»,
- деп айттық.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақиянов рахымшылық сұрау тұралы өтінішті 6-ші тамыз күні жазған, бірақ күні бүгінге дейін бұл құжат Президент әкімшілігіне жетпей отыр. Мұның себебін мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин былай бағалады.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі, мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин:

- Бұл жерде нақты түрде тұжырым жасау қиын, бірақ Президент маңында жүргендердің өзі жақсы емес. Ғалымжан Жақияновты соттатқан адамдардың өзіне Ғалымжанның түрмеде отырғаны тиымды. Халық арасында Ғалымжан Жақияновты түрмеге отырғызғандардың бірі Қайырбек Сүлейменов, деген әңгіме бар. Ішкі істер министрі, генерал Қайырбаек Сүлейменов сот басталмай тұрып, Ғалымжан Жақиянов кінәлі, түрмеде отыру керек, дегенді айтқан. Мұндай генералдар үлкен адамдарға жағу үшін сөйлей береді. Қазіргі үкімет басына келген Даниал Ахметов та қарсы болған оларға. Олардың ықпалы төменде жұмыс жасайтындарға әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, «Қазақстанның демократиялық таңдауы атты» бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Серікболсын Әбділдин Қазақстан Президенті рахымшылық сұрау туралы жазған құжатқа қол қою керек, деген пікірде.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі, мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин:

- Жалпы, енді халықтың барлығы біледі, өздері рахымшылық туралы өтініш жазса, кешірім жасаймын, деп Елбасы айтқан. Сол сөзін орындау керек, мемлекетті билеп отырған адам, бүгін былай, ертеңінен басқаша сөйлемеуі керек, менің ойымша. Ғалымжан Жақиянов бостандыққа шықса да оның әріптестері «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестік өз жұмысын одан әрі жалғастыра беретінін жеткізді.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі, мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин:

- Бұл «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестіктің атқарған еңбегі зор. Ең бірінші шешкен мәселесі, ол біздің мемлекеттегі «рекет» - деген мәселе. Оның өзі экономикалық рекет, саяси рекет, бірін-бірі көреалмау, деген рекет болған, осыны жойды. Екіншіден, бізде Елбасы мемлекетті монархияға сүйреген, соны айтқызбайтындай әрекет жасады «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестік.

Баспасөз мәслихаты барысында Ғалымжан Жақияновтың серіктесі Мұхтар Әблязовтың жағдайы сөз болды. «Қазақстанның демократиялык таңдауы» атты бірлестіктің саяси кеңесінің жетекшісі Төлен Тоқтасынов Мұхтар Әблязов өз бизнесін ретке келтіріп жатыр, дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG