Accessibility links

Ауғаныстандағы БҰҰ өкілі халықаралық күштердің астанадан тыс жерлерге орналастырылуына асықтырып отыр.


БҰҰ-ның Ауғаныстандағы жоғарғы дәрежелі өкілі Лахдар Брахими елдегі болуы тиіс жалпы ұлттық сайлаулардың дұрыс өтуіне қолдау көрсету үшін халықаралық тұрақтылық сақтау күштерін Кабулден тыс жерлерге орналастыруды ұсынып отыр.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысында Лахдар Брахими 2004-інші жылы жалпы ұлттық сайлаулар өткізу бойынша келісімге қауіпсіздіктің жетімсіздігі қиыншылықтар тудыруы мүмкіндігіне тоқталды. Аталмыш келісімге АҚШ тәліптерді биліктен құлатқанан соң 2001-інші жылдың желтоқсанында Боннда қол жеткізіліп еді.

Бонн шешімдерінің мақсаты ауғандықтарға өз мемілекеттік құрылымдарын құруға қолдау көрсету болып табылады.Қазіргі қалыптасқан жағдайда бұны іске асыруға жергілікті күштер мен саясат қиындық тудырып отыр.

НАТО дүйсенбі күні Кабулдегі 5 мыңдық тұрақтылық сақтау қолына басшылықты өз қолына алып, осылайша өзінің 54 жылғы тарихында Европа құрлығының аясынан шығып отыр. Брахимидың айтуынша, Бас хатшы Кофи Аннан екеуі НАТО-ның Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күші деп аталатын қолы Кабулден тыс аймақтарға да өз ықпалын жүргізгенін қалайды.

Біз Косовода болған 40 мыңдық қолды сұрап отырғанымыз жоқ, - дейді ол ақпарат құралдарының өкілдеріне Сербияның аймағының күллі Ауғаныстанға қарағанда шағындығына меңзеп.

"Егер мен дұрыс сезінсем, кеңес бұл саяси талдаудың дұрыс екендігі мен келіседі, біздің 8, не 9, болмаса 13 мыңдық қолға зәру екендігімізді аңғарар", -деді Брахими.

Кеңес отырысынан соң АҚШ елшісі Джон Негропонт былай деді: "НАТО таяу апталарда не айларда Кабул мен оның төңірегіндегі Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күшінің мүмкіндіктерін артыру жолдарын қарастырады деген үміт бар."

Сирияның БҰҰ-ндағы елшісі Михаил Вехб қазір кеңестің кезекті президенті, оның айтуынша, кеңес мүшелері Брахими мырзаның Кабулден тыс жерлерде қауіпсіздік шараларын артыру сайлаулар мен саяси мекемелер және экономиканы қалпына келтіруге қажеттігін ұғынды.

Бірақ Испанияның БҰҰ-ндағы елшісі Иносенсио Ариастың айтуынша, кеңесте Халықаралық Қауіпсіздікке Көмек Күштерінің көлемін артыруға бір ауыздан қолдау бола қоюы екі талай.

Брахимдың айтуынша, БҰҰ-ның өкілеттілігі сайлаушыларды егер қауіпсіздік сақтау үдерісі сенімсіз болса тіркей алмайды, бірақ тәуелсіз және әділ сайлауларды ұйымдастыру мен басқада қажетті шаруаларды Ауған үкіметі мен халықаралық қауымдастықтың ұйымдастырулары қажет.

Ол ұлттық әскер мен сақшы күштерін қорғаныс және қауіпсіздік сақтау министрліктерінде басты бетбұрыстар жасалуы тиістігіне тоқталды, өйткені аталмыш мекемелер елдің тұрақтылығы мен орталық үкіметке сенім ұялатады.

Бүйтпеген жағдайда экстримистер, қолбасылар және саяси топтар Ауғаныстандағы тұрақтылықты шайқалтуын жалғастыра беретін болады деп Брахими ескертті.
XS
SM
MD
LG