Accessibility links

Түркменбашы ел басылық сайлаулардың өткізілуіне келісімін беріп отыр.


Бүгін Халық кеңесі деп аталатын Парламентте сөйлеген сөзінде ел басы Сапармұрат Ниязов 2005, 2006-шы жылдарға қарай ел басылық салау өткізу мүмкіндігі жөніндегі мәселені Ассамблеяның талқылауына болатындығын айтты. Бүгін ел Парламенті Түркменстан ел басының жасы 40 пен 70 жас арасында болуы керек деген заң қабылдады. Ал, түркменбашының қазір жасы 63-те. Өзі айтқандай, сайлаулар енді екі жылдан кейін болатын болса, онда ол кезде Ниязов 65 жасқа келмекші. Түркменстанды 1985-ші жылдан бері басқарып келе жатқан ол 1999-шы жылы өле-өлгенше ел басы болады деп Парламент тарапынан жарияланған еді. Алайда, бұл шешімді түркменбашы 2001-ші жылы алып тастаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG