Accessibility links

Сауд Арабиясына сапарға шығудың қауіптілігі жөніндегі ел азаматтарына арнаған ескертуін Құрама Штаттары қайталап отыр.


Осы түні жариялаған ескертуінде АҚШ Мемлекеттік Департаменті “америкалық және батыстық нысандарға”, оның ішінде көлік қатынасы мен азаматтық әуе жолдары да бар, террорлық шабуыл жасалуы мүмкін, деген хабарлар алғандығын айтып отыр. Шілденің 24-күні де Мемлекеттік департамент ел азаматтарына ескертпе жариялаған болатын. Алайда ол жолы азаматтық әуе қатынасына болуы мүмкін қауіп жөнінде сөз қозғалмаған еді. Кеше Британия әуе жолдары, қауіпсіздік шараларына байланысты, белгісіз мерзімге дейін өз ұшақтарының Сауд Арабиясына ұшуын тоқтатып тастады. Бір айдан аз уақыт ішінде қарулы топтармен төрт рет шайқастар болғандығын Сауд Арабиясы ресми өкілдері хабарлап отыр. Риядта сейсенбі күні болған сондай соңғы шайқас кезінде төрт полиция офицері және бір шайқасушы адам қаза болған. Елдің ресми өкілдерінің пікіріне қрағанда, бұл шайқасушы топтардың Әл-Қайда террорлық топтарымен байланысы болуы әбден мүмкін-, дейді Дойтш пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG