Accessibility links

Либериялық көтерілісшілер тобы бүгін ел астанасын тастап шыға бастады.


Дәл осы сәтте америкалық 200 әскерилер астанаға келіп, қарапайым тұрғындарға қайырымдылық көмектер көрсетумен айналысуда. Пентагонның айтуынша, Құрама Штаттарының жасақтары құрылыққа уақытша ғана бармақшы. Олардың көпшілігі тіпті түнемелікке де қалмайтын сыңайлы. БҰҰ ресми өкілдерінің айтуынша Монровиадағы тұрғындардың жағдайы қазір ауыр. Олар ауыз су мен тамақтың, дәрі-дәрмектің тапшылығынан зардап шегуде. АҚШ әскерлері және Нигерияның басшылығындағы Батыс Африканың бейбітшілік күштері елде қалыпты жағдайды орнатады деп жоспарлануда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG