Accessibility links

Қырғызстан үкіметі Бишкек орталығында тұрған Ленин ескерткішін басқа жерге жылжытуды бұйырды


Шешім 31 тамызда аталатын Тәуелсіздік күніне орай қабылданды. Ленин ескерткіші "Ала Тоо" алаңынан екі жүз метр жылжытылып, парламенттің алдына қондырылмақшы. "Демократия және Азаматтық қоғам" бірлестігінің төрағасы Еділ Байсалов шешімді жылы қабылдағандарын айтты. Қырғызстан коммунистері болса Ленин көсемнің ескерткішін қимайды, олар президент пен парламентке қайырылатындарын мәлімдеді. Қырғызстанда, сондай ақ, бүгін Жоғары Сотта оппозиция басшысы Феликс Құловтың ісі қайта қаралады. Бұрынғы вице-президент Феликс Құлов, Асқар Ақаевтың бұрынғы үзеңгілісі Феликс Құлов қылмыстық айып бойынша түрмеде 2001 жылдың қаңтарынан бастап отыр.
XS
SM
MD
LG