Accessibility links

Пәкістанда үлкен мұнай апаты болды


Пәкістанның Карачи қаласының портына жақын жерде апатқа тап болған танкер кемесі кеше кешкісін екіге бөлініп сынды, шамамен 12 мың тонна мұнай теңізге құйылды. Көлік министрлігі танкерде әлі 34 мың тонна мұнай қалғанын айтады, бірақ мұнайдың төгілуіне шара болмай тұр делінді. Кеме апаты порттың күнделікті жұмысына кедергі жасаған жоқ деп ресми сипатталды. Дегенмен, күә адамдар мұнай апаты теңіз жануарларына қазірдің өзінде өлім әкеліп отыр дейді. Жағалауға соққан толқындарда өлі балық пен құс көрініп жатыр, дейді "Дойче пресс" және "Рейтерс" агенттіктері.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG