Accessibility links

Есепке алынбаған 240 қылмыс анықталды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Жасалған қылмыстарды дер кезінде есепке алып отыру тәртібінің сақталуы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін бүгінгі күні өзекті мәселе болуда.

Министрліктің баспасөз қызметінің қызметкері Ғалымжан Хасеновтің айтуынша, әлі күнге дейін қылмыстарды есепке қоюдан жасыру ісі тиылмай отыр. Бірақ соған қарамастан, Ішкі істер министрлігі барлық іс-шараларды қолданып, олқылықты жоюда, - деді ол. Оның айтуынша, Министрліктің Қылмыстық ақпарат орталығы аймақтарда тексеру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.

Жыл басынан бері 458 мекемелік тексеру жұмыстары жасалған. Тексеру барысында тіркеуге алынбаған 240 бұрын жасалған қылмыс анықталып, есепке алынған. Есеп жүргізу тәртібін бұзуға жол берген 19 полиция қызметкері жұмыстан босатылып, 100-ден аса әр түрлі деңгейдегі қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ғалымжан Хасенов, осындай жағдайларға қарамастан, өткен жылға қарағанда азаматтар арыз-шағымдарын қабылдау және қарау кезінде заңдарды бұзушылық саны республика бойынша айтарлықтай азайғанын айтты. Бұл мәселеде Ішкі істер министрлігі прокуратура органдарымен арадағы жұмыс жолға қойылыпты.
XS
SM
MD
LG