Accessibility links

Жаңа Ирақ конституциясы бойынша Ирақ қандай мемлекет болмақ?

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Өтпелі кезеңде Ирақты басқарып отырған Кеңес Ирақтың жаңа констиуциясының жобасын жасау үстінде Ирақ мемлекеті федерация болуы керек деген тұжырымға келді. Ал, федерацияның қандай түрі болмақ дегенде ортақ тілге келу оңай болмауы мүмкін.

Ирақ теріскейінде жүрген тілшілердің ең бірінші байқайтыны күрд аймақтарында федерация идеясының күшті екендігі деп жазады талдаушымыз Чарлз Рекнагел. Оның бір белгісі жиі-жиі көзге шалынатын үй төбелерінде қатар желбіреген қос тудың тұруы.

Оның бірі Ирақтың мемлекеттік туы болса, екіншісі Курдтердің ұлттық туы. Бұл екі тудың қатар туруы соңғы айлардың жаңалығы. Яғни, Ирақтың федеративтық мемлекет болып қайта құрылуын курдер де, американдықтар да қалап отыр деген сөз. Бірақ, федерацияға барар жол күрделі болатын түрі бар. Себеп, күрдтер иеленуді ойлап отырған Ирақ солтүстігі мұнайға бай аймақ. Ол аймақ курдтердің үлесіне тиер болса онда олардың бағы жанбақ.

Егер, Ирақ бұрынғыдай бір қатаң орталыққа бағынған мемлекет болса, онда күрдтер бұрынғысынша жапа шекпек. Басқарушы Кеңесте осы аптада жобасы жасала бастаған конституция Саддамнан кейінгі Ирақтың негізгі мәселесі Ирақ мемлекеттігін анықтауға тиіс. Алайда, конституцияны қабылдау Кеңестің ғұзырына жатпайды. Конституцияны халық өкілдерінен құралған құрылтай қабылдамақ. Ал, ол өкілдер сайлануы керек пе, әлде, оларды іріктеп алу керек пе? Бұл да шешілмеген мәселе.

Ирақтан оралған радиомыздың Азат Ирақ редакциясының журналисті Камран Ал Карадагидің жаңа Ирақ мемлекеттігі туралы пікірі төмендегідей:

"Енді ол жерде тиым салу болмайды. Күрд президент те болуы мүмкін, өкімет басы да болуы мүмкін. Қорғаныс министрі де болуы мүмкін."

Ирақтағы күрдттер бір нәрседен қорқады. Ирақта шиит арабтар бас көтере ме деп қорқады дейді Ал Карадагли.

"Казір күрдтер Ирақтың өзге тұстарында не болып жатқанына зер салып отыр. Американдықтарға шабуыл, ислам заңдарын күштеп еңгізу тәрізді әңгімелерден шошиды күрдтер."

Ал Карадагли, сондай-ақ, Киркук пен Мосул қалаларында күрд тұрғындары көп болғандықтан бұл қалалар күрд бақылауында болуы керек деп біледі. Бұл қалалардағы күрдтер бұрынғы режим тұсында қудалаудан көз ашпаған. Бұл қалаларды арабтандыру үшін арабтарды өзге аймақтардан кезінде көшіріп әкелген дейді Ал Карадагли. Ирақтың басқарушы Кеңесінің мүшесі Махмуд Отсман:

"Біз плюралимзе негізделген Ирақ федерациясы құрамындағы Күрдістан формуласынан әлі тайғанымыз жоқ."

Өткен жылы болған Күрд парламенті Ирақ федерациясы құрамындағы Күрдістанның ресми шекарасы болуы керек деп шешті дейді Отсман. Күрдістанның өз парламенті болуы керек, астанасы Киркук қаласы болуы керек. Ирақ туының жанына Күрдістан туы қатар ілінуі керек деп шешті дейді.

"Федеация іс жүзінде қабыл алынды. Бірақ, Федерацияның қандай түрі болуы керек деген мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ"

Ирақтағы Саддам Хусейн тұсында қуғынға ұшыраған араб шииттері де жаңа Ирақта үлкен саяси рольге ие болғылары келеді. Бұрын билікте болған суннит арабтары болса орталық биліктің әлсірегенін қаламайды. Осының бәрі жаңа конституцияны қабылдау жолының шырғалаң болатының дәлелі. Ал, Ирақтағы Американдық әкім Пол Бремер болса конституциялық құрылтай шақыру мен жаңа Ирақ өкіметін тағайындау ең кем дегенде бір жылға созылады деп отыр.
XS
SM
MD
LG