Accessibility links

Қырғызстанның жоғарғы соты оппозиция жетекшісі Феликс Куловтың апелляциялық өтінішін қарап жатыр.


Бүгін Қырғызстанның жоғарғы соты Шу облысын басқарған кезінде билікті теріс пайдаланды деген айыппен түрмеде отырған оппозиция жетекшісі Феликс Куловтың апелляциялық арыз-шағымын қарап жатыр. Ар-намыс партиясының жетекшісі Феликс Кулов өзіне тағылған айып саяси тұрғыда қолдан жасалған деп бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Оппозиция лидері 2000 жылы Қырғызстанның президенттік сайлауына түспекші болған, бірақ биліктің қысымымен өз кандидатурасын алуға мәжбүр болған. 90 жылдары Феликс Кулов Қырғызстанның вице-президенті, ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы одан соң Шу облысының әкімі қызметінде болды. Кейін оппозицияға өтіп, Асқар Ақаев басқарып отырған саясатты қатты сынады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG