Accessibility links

Әл-қаида террорлық ұйымының мүшесі Ридуан бин Исомуддин Тайландта ұсталды.


Әл-қаида террорлық ұйымының Оңтүстік Шығыс Азиядағы Хамбали деген атпен белгілі өкілі, Ридуан бин Исомуддин Тайландта ұсталды деп деп хабарлады осы елдің өкіметі. Хамбали американ-тайланд арнайы қызметінің операциялары барысында тұтқындалған. Қазір ол АҚШ-на берілді. АҚШ президенті Джордж Буш Хамбалиді әлемдегі ең қауіпті террористің бірі деді. 37 жасар Хамбали Жакартада таяуда болған террорлық актіні және өткен жылы Бали аралындағы жарылысты ұйымдастырды деп танылып отыр. 5 тамызда Жакартаның орталығындағы Марриотт отелі жанында болған жарылыстан 12 адам өліп, 150 адам жараланған. Америка басшылығы оны 2001 жылғы қыркүйектегі шабуылға да қатысы бар деп айыптауда. Сондай-ақ, бүгін террорлық шабуыл болуы мүмкін деген күдікпен АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін Австралия елі де өз азаматтарына Сауд Арабияға бармай тұра тұруларын ескертті. Британияның Бритиш Эйруйз әуе компаниясы да өзінің Әр-Риядқа ұшу рейсін уақытша тоқтатты.
XS
SM
MD
LG