Accessibility links

Бүкіл әлем болып бір тілде сөйлесуге бола ма? 3-бөлім.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Кабул мен өзге де қалаларда мыңдаған ауғандықтар жеке меншік ағылшын тілінің сабақтарына баруда. Шәкірттердің айтуынша, ағылшын тілін үйренуге жалақысы мол жақсы жұмыс табу мүмкіндігі басты себеп болуда.

2001-нші жылдың соңында Тәліптер биліктен кетірілген кезден бастап Кабулде көптеген жеке меншік ағылшын сыныптары ашылды. Ағылшын тілін үйренушілер орта мектеп пен жоғарғы оқу орындарын бітіргендер, енді басқалары инженерлер, дәрігерлер немесе ұстаздар. Олар ағылшын тілін үйрену үшін күніне екі сағат оқып аптасына алты күн жұмсайды.

2001-нші жылдың соңында АҚШ қолдауындағы Өтпелі үкімет құрылғалы бері мыңдаған шетелдік кеңесшілер, мамандар, дипломаттар ағылып келіп жатыр. Ағылшынша судай ауғандықтарға сұраныс жоғары. Оларға тілмәш, тіпті бас маман қызметтері ұсынылады.

Жергілікті үкімет кеңселерінде айлық 35-50 доллар арлығында болса шетелдік өкілеттіктерде 500, тіпті 1 мың доллардың айлықтары төленеді. Батыс компаниялары ұсынытын жұмысқа алу тізімдерінде басты талап ағылшын тілі мен компьютерде жұмыс жасай білу болып табылады. Білім беруші мектептер сұранысқа қарай әрекет етуде. Кабулдегі кез келген ағылшын тілін үйретуші сынып компьютер сауатын да ашады.

Кабулдың Фирдауси Орта мектебінің 16 жасар оқушысы Фархадтың айтуынша, ол ағылшын тілінің төртінші семестрін аяқтағаннан соң компьютерде үйренбек.

Ханифа Сидиқи Кабулдегі Әл Фатха орта мектебінің 35 жасар ұстазы. Ол бос уақытында ағылшын тілін үйренеді. Ол былай дейді: Бес жылғы Тәліптердің ауған әйелдеріне орнатқан түрмесінен соң ауған әйелдері оқуға түсіп, білім алғысы, ағылшын тілін үйренгісі келеді. Біз ағылшын тілін ол бір мәртебелік болуынан емес, ол харықаралық тіл болғандықтан үйреенміз, және біз оны жақсы жұмыс табу үшін де үйренеміз.

Жекеменшік ағылшын тілін үйрететін мектептерді Пәкістан мен Үндістанда тіл үйренген ауғандықтар ашып отыр. Жауад - жеке меншік сыныптың қожасы, әрі ағылшын тілі оқытушысы. Ол Пешаварда университет бітірген маман.

Жауаттың айтуынша, aуғандықтар - шаршамай шалдықпай үйренетін еңбекқор шәкірттер. Олар тыңдайды. Олар табанды түрде еңбектенеді. Олар үй тапсырмаларын орындайды және олар мұғалімдерін тыңдайды. Және олар өте сыпайы.

Мысалы Мұхамет Бәшір Кабулға арнайы ағылшын тілін үйрену үшін келген, Ол былай дейді: Енді мен Кабул маңындағы Банайда тұрамын, мен ағылшын сабақтарына барамын. Мен Лағман аймағынан келдім. Бізде курстер бар, бірақ олар Кабулдегідей ұйымдастырылмаған, әрі ондай жақсы емес. Халық ағылшын тіліне қызығушылық танытады. Бірақ үкімет шәкірттерге қажетті мүмкіндіктер тудыра алмауда. Бұған қоса ұстаздар тексеруден өтпеген.

Ауғандар көпшілік ағылшын сабақтары үшін айына 50 ауғани төлейді, бұл 1 доллардың төңірегіндегі ақша.

Кабулдың базарында жеміс-жидек сатып тұрған 18 жасар Әзиз есімді бозбала былай дейді: Mен ағылшын тілін үйренгім келеді, бірақ мен әзірше кедеймін, менің оқуға мүмкіндігім жоқ. Әзиз бен оның досы Наджиболланың айтуынша, олар ақша үнемдеп ағылшын курстарына бармақ. Oлардың айтуынша, бұл олардың өмірін мүлде өзгертіп жіберуі тиіс.
XS
SM
MD
LG