Accessibility links

Әзірбайжандағы билік дағдарысы


Әзірбайжан президенті Гейдар Алиевтың денсаулығына байланысты бір айдай қызметте жоқ болуы бұл елдің саяси элитасын әрі-сәрі күйге түсірді.

Америкада емделіп жатқан президенттің ұлы Ильхамның өкімет басы болып тағайындалуы елде монархия қалыптаса бастады деген қәесет отына май құйды.

Америкада ауруханада жатқан Әзірбайжан президентінің ұлы Ильхамның өкімет басына тағайындалуы бұл елдегі билік дағдарысын тереңдете түсті деп жазады радиомыздың талдаушысы Чарлз Рекнагел. Елде монархия қалыптаса бастады деп шу ете түскен оппозиция аурушаң Гейдар Алиевтың өз орнына баласын отырғызып кетпек жоспарына қарсы шықты. Аштық жариялаулар басталды. Бірақ, Әзірбайжанда тұратын кім-кім үшін де Иьхамның өкімет басына келуі жаңалық емес еді. Әзірбайжан президенті өз ұлын жоғары лауазымға, дәлірек айтқанда өз орнына президентікке дайындағалы көп болған. Оппозиция Алиевтың ол ниетін білген.

Тәуелсіз әзірбайжан талдаушысы Илқар Алтайдың пікірінше оппозиция үшін дәл кәзіргі маңызды мәселе Гейдар Алиевтың денсаулығы көрінеді:

"Оппозиция басшылары Ильхам Алиевтың бұл тағайындалуын күткен. Олар үшін бірақ дәл бүгінгі маңызды мәселе Гейдар Алиевтың денсаулығы. Оппозиция оның тірі екенін білгісі келеді, тірі болса билікке ықпал жасауға шамасы бар ма, жоқ па соны білгісі келеді."

80-дегі Гейдар Алиевты Әзірбайжан халқы осыдан төрт ай бұрын әскери академия ұжымы алдында сөйлеп тұрып құлап түскеннен кейін көрген емес. Содан бері денсаулығы нашарлап кеткен Гейдар Алиев басымен қайғы болып кеткен. Жүрек сырқатымен Анкара ауруханасында біраз жатқан. Өткен аптада Американың Клевеланд қаласының ауруханасына барып түсті. Оны емдеп жатқан американдық дәрігерлер болса Гейдар Алиевтың жағдайы жақсарып келеді деп отыр. Тәуелсіз талдаушы Илқар Алтай Анкараға өз күшімен барып, президенттің денсаулығы туралы өз құлағымен ақпарат естігенін айтады:

"Алиевтың денсаулық жағдайы мен үшін айдан анық. Оның енді көп жұмыс істей алмайтыны белгілі болды. Оның жүрегі жұмыс істеуден қалған. Жалғыз жол оған жаңа жүрек салу. Сондықтан да, ол операция арқылы жүрек салу үшін Клевеландқа жеткізілген."

Гейдар Алиевтың жүрегі батарея арқылы жүріп тұр екен деген қауесетті ресми Бақу жоққа шығарады. Президенттің баласы Әзірбайжан өкімет басы Ильхам Алиевтың айтуынша президент асып кетсе екі апта ішінде елге оралмақ, Денсаулығы шүкіршілік. Әзірбайжанда 15 қазанда өтетін президентік сайлауға Гейдар Алиевтың өзі түсуге тиіс. Ал, Иьхам Алиев әкесіне жол беріп президенттік сайлаудан өз кандитатурасын алып тастамақ. Әзірбайжанда жарық көретін орыс тілді Зеркало газетінің талдаушысы Азер Рашидоглының пікірінше билік басындағылар бүгінде Ильхам Алиевтың төңірегіне топталған:

"Бұл тағайындау мен өзге де оқиғалар барысы билік басындағылардың Ильхам Алиев кандидатурасы төңірегіне топталғанын көрсетеді."

Бірақ саяси элита арасындағы бұл бірлік сайлаудан кейін сақтала жоқ па белгісіз. Осындай жағдайда тірі Алиевтың Бакуге оралуы элита бірлігінің кепілі болмақ дейді талдаушы Рашидоглы.

"Сайлаудан кейін саяси элита бірлігі бұзылады деп білемін. Себеп Ильхам Алиев не мықты саясатшы емес, не парасатты басшы емес."

Талдаушы саяси элита президентік сайлауда Ильхамды өткізіп алғаннан кейін өзара қырқысады деп біледі. Әзірше қырқыспай тұрғаны бірігіп сайлауда Ильхамды өткізіп алу қажет болып тұрса керек.

"Гейдар Алиев ешқашан өзінің ізін басуға лайық Әзірбайжандағы нөмірі екінші кісіні жасамады. Нөмірі үшті де, нөмірі төртті де, нөмірі бесті де жасамады."

Бүгінде Гейдар Алиевсыз саяси элитаның шарасыз болып отырғаны содан дейді Рашидоглы. Ал, оппозиция басшылары болса алдағы президентік сайлауға араларынан бір кісіні шығарып соның төңірегінде топталудың орнына бастары бірікпей быт-шыт болып жатыр дейді талдаушы.
XS
SM
MD
LG