Accessibility links

Пәкістанда болған екі жарылыс теміржол торабының жұмысын тоқтатты.


Пәкістанда болған екі бірдей жарылыстың салдарынан басты теміржол торабына нұқсан келіп, елдің оңтүстігімен солтүстігін байланыстырып жатқан үлкен жол жабылған. Бірнеше сағат пойыздар тоқтап қалған. Жарылыстан жапа шеккендер жоқ. Жарылыстар арасына 15 минут салып қайталанған. Біріншісі, Карачиден 150 шақырымдай жерде, екіншісі қаладан 300 шақырым жерде орын алған. Әзірге бұл жарылысты ешкім мойнына алмаған.
XS
SM
MD
LG